Лекция №1,2 Кіріспе. Тоңазытқыш машиналардың теориялық негіздері. Температура бағаналары


Термоэлектрлік эффект (Пельтье эффектісі)



бет8/49
Дата04.01.2022
өлшемі1,91 Mb.
#109116
түріЛекция
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49
Байланысты:
Eşaeva toŋ lek
19.12.20Құрама жем., 19.12.20Құрама жем.
3. Термоэлектрлік эффект (Пельтье эффектісі)
1821 жылы Прибалтика физигі Томас Зеебек екі әртүрлі металдан құрастырылған тізбектің қосылған жерінің температурасы әр түрлі болса, онда тізбекте электрқозғаушы күштің пайда болатынын анықтады. Ал Француз Пельтье 1834ж. Зеебек құбылысына кері құбылысты анықтады. Ол бойынша, егер түрлі екі металдан құрастырылған тізбектен тұрақты ток жүргізсе, онда тізбектің бір жағы ысып, екінші жағы мұздайды. Егер мұздаған жағының температурасы суытылатын дененің температурасынан төмен болып, ысыған жағының температурасы қоршаған ортаның температурасынан жоғары болса, мұндай тізбекті денені суытуға қолдануға болады (8 сурет).

Ол үшін тізбекте пайда болатын электр қозғаушы күштің шамасы көп болуы керек. Мұндай мүмкіндік жартылай өткізгіштер пайда болғаннан кейін жүзеге асты. Академик Иоффе А.В. Пельтье эффектің жүзеге асыру үшін жартылай өткізгішті термоэлементтерді қолдануды ұсынды.



Термоэлементтің ысыған және мұздаған бөлігінің температура айырымы 600С –қа дейін жетеді. Тасымалданған жылу мөлшері мына теңдеумен анықталынады

(1.18)

мұндағы: П- Пельтье коэффициенті; J- ток күші; t- уақыт.




8- сурет. Термоэлемент схемасы: 1-жартылай өткізгіштер, 2- мыс пластиналар
Термоэлементтердің қуатын ұлғайту үшін оларды тізбектей қосып батарея етіп жинаса да болады. Академик Иоффе бастаған ғылым академиясының жартылай өткізгіштер институты мен Ленинградтық тоңазытқыш өндірістері технологиялық институты бірігіп істеген жұмыстары бойынша жасалған осындай тоңазытқыш шкаф-700С температура алуға мүмкіндік береді. Істелген жұмыстар төменгі температураны алудың бұл әдісінің зор болашағы бар екенін көрсетті.

Сонымен, қарастырылған төменгі температураны алу әдістерінің бірін қолдана отырып, температурасы суытылатын дененің температурасынан төмен, суытатын денені алуға болады. Ол денені суытуға қолдануға болады. Тез бұзылатын тамақ өнімдерінде 0°С –та сақтау керек. Ол үшін бізге температурасы 00С-тан төмен басқа дене керек. Сақталатын тамақ өнімдерінен жылу өздігінен суытатын денеге өткенде ғана суыту процессі жүреді. Суыту үздіксіз процесс болу керек, сол үшін суытатын дене мөлшері де көп болу керек, ал ол аз болса, суытып болған соң бастапқы қалпына келтіру үшін тоңазытқыш машиналар қолданылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет