ұйымдастырушылық қабілетінің болуы (жұмыс беру, бақылау)
қызмет бабына шешім қабылдау,өзін алып жүру
тәуекелге дайын болу, жаңалық енгізу
қарамағындағыларды өзіне тартып еліктіре білу
батылдығы, тәуелсіз жұмыс істеуге құштарлығы т.б.
Басқарудың үлгілері 1944 жылы Курт Левин басқарудың 3 үлгісін анықтап көрсеткен болатын. Олар:
Авторитарлық басқару
Демократиялық басқару
Либералдық басқару Автократ – бұл ашық деспот.Ол барлығын өзі біледі және қарсылыққа көнбейді және қарамағындағыларға аз ақпарат береді. Ешкімге сенбейді және шешімін ешкімге айтпайды. Қатал тез шешім қабылдайды және оны тез өзгертіп отырады.Автократ билік басшының тек өзі билік жүргізуінің ұмтылуының нәтижесінде шиеленістер негізінде туындайды.
Демократ басшы мәселені қарамағындағылармен бірге шешеді.Төмендегі әкімшілік жұмыстарға араласуы.
Либерал басшы жоғарғы басшылықтың нұсқауымен ғана жұмыс істейді.
Мұндай басшылар өздеріне-өздері сенбейді, жалтақ болады. Либералдар принципалды емес, әр түрлі адамдардың ықпалынан шешімдерін өзгертуі мүмкін.
Қазіргі таңда шетелдерде басқарудың 4 түрі бар;
Қатаң авторитарлық (диктатура)
Жұмсақ авторитарлық (қарамағына көмек көрсетеді)
Кеңестік (қарамағындағыларға шарттар қойып, олардан шындықты талап етеді)
Ұжымдық (шешім қабылдау кезінде қарамағындағылардан көмек сұрайды және оларды тартады)