Лекция мақсаты: Басқару ғылымының теориялық және әдістемелік негіздері, басқарудың шетелдік тәжірибесін зерттеу қажеттілігі



бет88/292
Дата07.02.2022
өлшемі3,98 Mb.
#95859
түріЛекция
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   292
Байланысты:
менеджмент

Ұйымның міндеттері.
Міндет – бұл арнайы алдын ала келісілген мерзімде, белгіленген әдіспен орындалуы тиіс болған жұмыс сериясы және жұмыстың бір бөлігі.
Ұйымның міндеті 3 категорияға бөлінеді:

  • адамдармен жұмыс істеу

  • заттармен жұмыс істеу

  • ақпараттармен жұмыс істеу

Мысалға, станокта жұмыс істейтін адамдар заттармен жұмыс істесе, мастердің міндеті – адамдармен жұмыс істеу. Корпорация казначейінің міндеті ақпаратпен жұмыс істеу болып табылады.
Технология және адамдар
Бұл адамдарда, заттарда және информацияларда болған өзгерістерді жүзеге асыру үшін қажетті квалификациялық құрал – жабдықтармен технологиялық білімдердің, инфрақұрылымдардың үйлесуі. Міндеттердің орындалуы бұл нақты технологияны қолдануды талап етеді. Машиналар құрал – жабдықтар шикізат, энергия бұл технология компоненттері болып табылады.
Джоан Вудворд пен Джеймс Томпсондардың технологияларды жіктеуі міндеттер мен технологиялар арасындағы өзара қарым – қатынасты бейнелейді.
Д. Вудворд технологияларды келесідей 3 категорияға бөлістірді:
1. Бірыңғай, аз сериялы және жеке өндіріс. Бір және аз сериялы бірдей өнімдерді шығарумен сипатталады.
2. Жаппай және көп ірі сериялы өндіріс. Бірдей және өте ұқсас өнімнің көп санын шығаруға қолданылады.
3. Үздіксіз өндіріс. Бұнда көп мөлшерде бірдей заттарды шығаруда автоматтандырылған құралдарды пайдаланады.
Д.Томпсон Вудворттың жіктеуінен өзгеше технологияны жіктеу жүйесін өңдеді. Ол технологияны мынадай 3 категорияға бөлді:
1. Көп звенолы технологиялар – олар кезекті орындалуы тиіс бір – бірінен тәуелді қызметтерді орындауымен сипаттайды.
Мысалға, автомобилді құрастыру процесінде автомобильдің рамасын жинап алмай оның двигателін құрастыру мүмкін емес.
2. Делдалдық технологиялар – бір – бірімен тәуелді болатын және болғысы келетін кездесумен сипатталады. Мысалға, компанияларды жұмыспен қамтамасыз ету бюросы.
3. Интенсивті технология өндіріске түсетін белгілі бір нақты өнімде қандай да бір өзгеріс енгізу үшін арнайы шараларды, білімдерді жэәне қызметтерді қолданумен сипатталады.
Негізінен Вудворт өндірістік кәсіпорын технологияларымен айналысса, ал Томпсон барлық ұйым түрлерінде қолданылатын технологиялармен қызықты.
Адамдар. Басшылық ұйымның мақсаттарына басқа адамдардың көмегімен жетеді. Әр қандай басқару моделінің орталық факторы бұл адамдар.
Адам байланыстарын 3 /аспектте/ қарастыруға болады:

  1. жеке адамдардың тәртібі

  2. топтағы адамдардың тәртібі

  3. басшылық тәртібі және оның жеке адамның және жеке топтардың тәртібіне әсері.

Басшылар үшін жеке адамның тәртібінде үлкен роль ойнайтын оның қабілеттілігі, таланттылығы, қажеттілігі, қарым – қатынасы, көзқарасы, құндылық және т.б. қасиеттері болып табылады. Қабілеттілік ұрпақтық және тәжірибеде арттырылған болуы мүмкін.
Таланттылық - бұл адамдардың нақты бір жұмысты орындаудағы потенциалы. Таланттылық тума немесе өмірден арттырылған болуы мүмкін.
Қажеттілік бұл адамның бір нәрсенің жетіспеуін психологиялық және физиологиялық сезінуі.
Күту өткен тәжірибеге және ағымдық жағдайды бағалауға негізделе отырып, адамдар өздерінің тәртібінің нәтижесінде салыстырмалы түрде күтулерін қалыптастырады, адамның қажеттілікті сезініп жатырма және осы жағдайда оның нені күтіп жатқанын анықтап береді.
Құндылық бұл жалпы түсінік, сенім, өмірде не жақсы, не керек емес туралы түсінік.
Сонымен жеке тәртіп және қызметтердің жетістігі осы факторларға тәуелді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   292




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет