беретін, Адам қабілеттілігі дамуының келесі деңгейі – талант. “Талант” сөзі бір жалқау құл өзінің
қожасы жоқ кезде ұрлап алған күмісін, айналымға жібертіп пайда алудың орнына оны жерге көміп
тастайтын (осыдан, “талантыңды жерге көм” –деген мақал шыққан) Библияда кездесетін шекті ұғым.
Қазіргі кезде талант арнайы қабілеттіліктің (музыкалық, әдеби және т.б.) жоғары деңгейі болып
түсіндіріледі. Қабілет сияқты талант та әрекет негізінде айқындалып, дамиды. Талантты адамның әрекеті
тәсілдеменің сонылығымен, принципиалды жаңалылығымен ерекшеленеді.
Талантты ояту қабілет сияқты жалпы қоғамды шарттастырылған. Онда аталмыш қоғамның
алдында тұратын нақтылы міндеттерінің ерекшеліктері мен дәуір қажеттілігіне байланысты толыққанды
даму үшін неғұрлым қолайлы жағдай қанадай дарындылық.
Талант – бұл қабілеттің белгілі бір үйлесімділігі, олардың жиынтығы екенін атап өту қажет.
Жекелеген айырушы қабілет, тіпті өте жоғары дамығаны да талант деп аталуы мүмкін емес. Мәселен,
таланттылардың арасынан есте сақтауы жақсы да, жаман да адамдарды көптеп табуға болады. Адамның
шығармашылық әрекетінің есте сақтауы бұл оның жетістігіне байланысты факторлардың бірі ғана. Бірақ
нәтижелер терең қызығушылықсыз, күшті екпінсіз, бай қиялсыз, икемді ақылсыз жеткілікті болмайды.
Қабілет дамуының жоғары деңгейі данышпандық деп аталынады. Данышпандық туралы адамның
шығармашылық жетістігі қоғамдық өмірде, мәдениет дамуында бүтін дәуірді құрастырғанда айтылады.
Данышпан адамдар өте аз. Барлық бесмыңжылдық өркениет тарихында небәрі 400-ден астам ғана
данышпан бар деп саналынады. Данышпандықты сипаттайтын дарындылықтың жоғары деңгейі
әрекеттің әр түрлі салаларындағы сиректілігімен шарасыз байланысты. Лайықты әмбебептылыққа қол
жеткізген данышпандар арасында Аристотель, Леонарда да Винчи, Р. Декарт, Г.В. Лейбниц, М.В.
Ломоносовтарды атауға болады. Мысалы, М.В. Ломоносов білімнің әр түрлі салаларында: химия,
астрономия, математика, сонымен қатар суретші, поэзияны күшті білген әдебиетші, тілші, жетістіктерге
қол жеткізген. Алайда бұл данышпандардың барлық дербес қасиеттері бірдей дәрежеде дамыды деуге
келмейді. Данышпандықтың өзіндік “профилі” болады, қандай да бір жақты онымен басым болса, кейбір
қабілеттерде айқынырақ болып жатады.
3.
Кез келген бейімділік, ең әуелі қабілетке айналу үшін дамудың үлкен жолынан өтуі тиіс.
Көптеген адам қабілеттері үшін бұл даму адамның туған кезінен басталады және егер ол қабілеттілігіне
сәйкес дамитын әрекеттің сол түрімен шұығлдануын жалғастырса, өмірінің соңына дейін ол
тоқталмайды. Қабілеттің дамуын шартты түрде бірнеше кезеңге бөлуге болады. Әрбір адам өзінің даму
барысында қандай да бір әрекет түрін меңгеруге, сол немес басқа да ықпалға көтеріңкі сезімталдылық
кезеңінен өтеді. Мысалы, баланың екі-үш жас шамасында сөйлеу тілі қарқынды дамиды, бес-жеті
жасында ол оқуды меңгеруге дайынырақ болады. Мектепке дейінгі жастағы орта және аға буынды
балалар рөлдік ойындарды ойнауға құмартады және рөлге жаттығып, түрленуі төтенше қабілетті жария
етіп жатады. Ерте ме, кеш пе аяқталынатын арнайы әрекет түрлерін игеруге ерекше дайындық осы
кезең екенін атап өту керек, және де қандай да бір қызмет қолайлы кезеңде өз дамуын иемдене алмаса,
онда мұның салдарынан оның дамуында төтенше қиыншылықтар болады.
Кез келген қабілетті дамытудағы бірінші кезең ол үшін қажетті органикалық құрылымның
жетілуімен немесе олардың негізінде қажетті функционалдық мүшелердің қалыптасуымен байланысты.
Әдетте бұл туғаннан бастап алты жас аралығында өтеді. Барлық анализаторлар жұмысының
жетілдіріліуі, ми қабығының жекелеген бөліктерінің функционалдық дифференциациясы және дамуы
осы кезеңде өтеді. Бұл балада арнайы қабілеттердің келешекте дамуы үшін алғы шарт ретінде
көрінетіндердің белгілі дейгейін, жалпы қабілеттілікті қалыптастыру мен дамытуды бастау үшін
қолайлы жағдайлар туғызады.
Қабілетті дамыту елеулі көлемде бейімділіктерді іске асыруға мүмкіндік беретін шарттарға
тәуелді екенін білесіздер. Сондай шарттардың бірі жанұялық тәрбиенің ерекшілігі болып табылады.
Егер ата-аналар балаларының қабілеттілігінің дамуына қамқаорлық жасаса, онда балаларда өздерінің
кішкентай кезінде өздігінен анықталынған кез келген қабілетінің жоғары дамуына мүмкіндік болады.
Қабілетті дамыту шарттарының басқа топтарын көбінесе макроорта анықтайды. Макроорта деп
адамның туып-өскен қоғамының ерекшелігін есептейді. Макророртаның неғұрлым позитивті факторы
қоғамның өз мүшелерінің қабілетін дамытуына қамқаорлық жасаған жағдайлары болып табылады.
Қоғамның бұл қамқорлығы білім беру жүйесінің тұрақты жетілдірілуінде, сонымен қатар өскелең
ұрпақтың кәсіби бағдарын дамыту жүйесінің дамуында көрініп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: