Алдын-алу: тамақтану гигиенасы мен жасына сай диетаны сақтау және асқазанды тітіркендіретін препаратттарды ұзақ уақыт қабылдамау.
Созылмалы гастрит
Созылмалы гастрит (СГ) - асқазаның кілегей қабығының созылмалы-деструктивті процесімен сипатталатын, рецидивтті- прогессивті ауру.
Этиологиясы. Аурудың пайда болуына тұқымқуалаушылық бейімділік, кейбір эндогенді және экзогенді факторлардың әсер етеді. СГ-тің экзогенді себептеріне: психоэмоциональды күш түсу, ұзақ уақыт бойы тамақтану гигиенасын бұзу (тамақты дұрыс шайнамау, ыссы тамақ ішпеу, үнемі салқын тамақ ішу, тамақтану интервалының 5 сағаттан артық болуы, дәмдеуіштерді, синтентикалық тамақ қоспаларын көп пайдалану, рационда белок, витамин, микроэлементтердің жеткіліксіз болуы, стеройдты гормондар, стеройдты емес қабынуға қарсы препараттар), тамаққа аллергия, паразиттік инвазия, соның ішінде ляблия, микроорганизмдердің -хеликобактер (Helicobacter pylori) жатады. Жасөспірімдерді зиянды әдеттері: темекі шегу, кофені шектен тыс ішу, алкогольдік ішімдіктер пайдалану осы аурудың пайда болуына әсер етеді.
Эндогенді себептері: аутоиммундық тұқымқуалаушылық бейімділік, асқорыту ағзаларының басқа аурулары, эндокрин және басқа жүйелердің аурулары, 12-елі ішектен астың асқазанға түсуі (рефлюкс).
Жіктелуі:
- созылмалы беткей гастрит
- созылмалы атрофиялық гастрит
- созылмалы аутоиммунды гастрит
Клиникасы. СГ диагнозы эндоскопиялық және гистологиялық тексеру нәтижесімен қойылады. Морфологиялық белгілері: кілегей қабықтың лимфациттер мен плазмациттермен қабынуы ( инфильтрациясы), өршу кезінде нейтрофиль және эозинофильмен инфильтрациясы, атрофия, эпителидің регенерациясының бұзылуы (метаплазия- асқазан эпителиі ішек эпителиімен алмасуы).
Клиникалық симптомдары асқазанның секреторлық және моторикалық функциясының бұзылу сипатына байланысты
Жара ауруы
Ойық жара ауруы ( петикалық жара) – асқазаның немесе 12-елі ішіектің кілегей қабығында тұз қышқылының немесе пепсиннің әсерінен ойық жаралы дефектің пайда болуымен сипаталатын созылмалы, рецидивті ауру.
Достарыңызбен бөлісу: |