Лекциялар жинағы Мамандығы: «Емдеу ісі»



бет97/106
Дата20.11.2023
өлшемі286,04 Kb.
#192088
түріЛекция
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   106
Байланысты:
Балалар аурулары лек

Алдын алу жолдары. Жалпы шараларға: ауру баланы мүмкіндігінше ерте оңашалау; қарым-қатынастағы балаларға 21 күнге карантин тағайындау; СЭС-ке жедел хабар беру; санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жатады.
Арнайы шара – мысқылға қарсы тірі әлістірілген мысқыл қоздырғыштарынан арнайы дайындалған вакцина қолдану. Күнтізбекке сәйкес мысқыл вакцинасы баланың 12 айлығында қызылша вакцинасымен қатар, 0,5 мл дозада санның бұлшық етіне немесе тері астына егіледі. 6-7 жасында қызылшамен бірге ревакцинация жүргізіледі.

Дифтерия
Дифтерия – асқынуларымен қауіпті, балалардың жұқпалы ауруларының ішіндегі ауыр түрі. Арнайы егу жұмыстары жүргізілмей тұрған уақыттарда бұл аурудан балалар өлімі өте жоғары болған. Арнайы вакцина егу арқылы балаларда осы ауруға қарсы активті иммунитет туғызып, ауру саны күрт төмендетілген еді. Кейінгі жылдары алдын ала егу жұмыстары жақсы жолға қойылған кезде дифтирия ауруы тек төтенше оқиға ретінде кездесіп жүрді. Бірақ, соңғы бес-алты жылдың көлемінде дифтерия қайтадан «басын көтере» бастады. Оның себебі арнайы профилактиканың дұрыс жүргізілмеу салдарынан болды. Соңғы он жыл ішінде Қазақстанда дифтериямен ауыру жиілігінің ең жоғары көрсеткіші 1995 жылы байқалады – әр 100000 адамнан 6 адам ауырған, осы аурудың өлім жағдайымен аяқталу көрсеткіші 6% болды. 1995-1996 жылдары жүргізілген ұлттық иммунизация күндерінде 10 миллионға жуық адам екпе қабылдады, соның нәтижесінде дифтерия ауруы Қазақстанның барлық жерінде тізгінделеді. Дегенмен дифтерия мәселесі күн тәртібінен түспек емес.
Эпидемиологиясы. Қоздырғышы – Леффлер коринобактериялары, 1884 жылы Ф. Леффлер атты ғалым ашқан. Таяқшалар сыртқы ортада төзімді, сондықтан әртүрлі заттарда ұзақ уақыт сақталады. Бұл таяқшаларға тек дезинфекциялаущы ерітінділер (фенол, хлорамин, сутегі асқын тоғы) және қайнату әсер етеді. Аурудың көзі – ауру бала және бактерия тасымалдаушылар. Таралу жолдары – ауа-сілекей, ыдыс-аяқ, ойыншықтар тағы да басқа заттар арқылы. Иммунитет тұрақты. Егу жұмыстарынан кейін активті иммунитет пайда болған-болмағанын Шик белгісі арқылы анықтауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   106




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет