Лекциялық сабақтар
1-тақырып. Адам организмінің өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары
Балалар мен жастардың организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны
мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерін
өсу
деп атайды. Организмнің негізгі үш
дене көрсеткіші бар: бойы, салмағы және кеуде шеңбері.
Даму – сапалық көрсеткіш.
Организмнің дамуы
дегеніміз ұлпалардың жекешеленіп белгілі бір
қызмет атқаруға бейімделуі, организм мен оның жеке мүшелерінің қызметінің артуы, баланың ақыл-ой
өрістерінің молаюы. Организмнің дамуы екі түрлі болады:
физикалық
және
функциялық дамуы
.
Физикалық дамудың көрсеткіштері барлық мүшелерге бірдей: мүшенің ұзындығы, ені, тереңдігі,
көлемі, аумағы, салмағы.
Функциялық дамудың көрсеткіштері мүшенің атқаратын қызметіне байланысты әртүрлі. Мысалы,
жүректің функциялық дамуын анықтау үшін оның систолалық немесе минутық көлемін өлшейді.
Өсу мен дамудың барлық адамдарға ортақ бірнеше заңдылықтары бар:
1. Өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі болмайды. Өсу мен даму адам өмірінде
бірде жылдамданып, бірде баяуланады. Тіпті бір жылдың ішінде бойдың өсуі бірдей емес: бала жазда
тез, қыста нашар немесе түнде бой көбірек, күндіз аз өседі.
Өсу қарқыны адам өмірінде үш рет күшейеді: 1) туғаннан 3 жасқа дейін; 2) 3-7 жас аралығы; 3)
жыныстық жетілу кезеңінде.
2. Мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі. Баланың алғашқы жылында
миы тез өседі, 7 жасқа жеткенше оның миы ересек адамның миының 80-90% шамасында болады. Ал
лимфа ұлпаларының өсіп дамуы 10-12 жаста күшейеді, жыныс мүшелерінің өсіп жетілуі 12 жастан әрі
қарай болады.
3. Өсу мен даму баланың жынысына байланысты. Жыныстық жетілу қыздарда 11-12 жаста,
ұлдарда 13-14 жаста басталады да жынысына сай бойжеткендерде 16-18 және жігіттерде 18-20 жаста
толық жетіледі. Жыныстық жетілгенге дейін ер баланың антропометрлік көрсеткіштері қыздардан
жоғары болса, жыныстық жетілу басталған кезде, керісінше қыздардың салмағы, бойы, кеуде шеңбері
анағұрлым жоғары болады. 15 жастан әрі қарай ер балалар тез өсіп жетіледі де олардың көрсеткіштері
қайтадан қыздардан жоғары болады.
4. Өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі.
Организмнің өсу және даму қарқыны, жыныстық деморфизм және жеке мүшелер мен мүшелер
жүйесінің жетілуі тұқым қуалау қасиеттеріне байланысты. Дегенмен олар сыртқы ортаның жағдайына
байланысты ауытқуы мүмкін.
5. Өсу мен дамудың акселерациясы.
Акселерация
дегеніміз өсу мен дамудың қарқынды жүруі.
Яғни, қазіргі балалар мен жастардың белгілі бір мерзімінде олардың ата-аналарының сол жасындағы
денесінен ірі болып, ерте жетілуін айтады.
Өсу мен дамудың акселерациясының бірнеше белгілері:
- жаңа туған нәрестелердің ірі болуы;
- белгілі бір жас мерзімінде балалар мен жастардың денесінің ірі болуы;
-ерте жыныстық жетілу;
-баланың сүйегінің ерте қатаюы;
-бойдың өсуінің ерте тоқтауы.
Достарыңызбен бөлісу: |