ҚУЫҚТЫ ЖУУ
Мақсаты: қуықтың қабыну процесін емдеу, тіндердің іру өнімдерін, іріңді немесе ұзақ тастарды механикалық алып тастау. Зәр мүшелерінің эндоскопиялық зерттеу алдында.
Дайындаңыз: науқастың жыныс мүшелерін жууға және катетерлеуге арналған құрал-жабдықтарды, қуықты жууға арналған 370С дейін жылытылған антисептикалық ерітіндіні (фурацилин ерітіндісін немесе перманганат калийдің әлсіз ерітіндісін және т.б.), Жанэ шприцін, қолғаптарды, зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысты, қауіпсіз жоюға арналған контейнерді.
Іс-әрекет алгоритмі:
1. Науқасқа емшара мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
2. Науқастың бөксе астына клеенканы жаялықты салыңыз. Науқасты арқасымен жатқызып, тізелерін бүгіп, аяқтарын санынан ажыратыңыз.
3. Гигиеналық деңгейде қолыңызды тазартыңыз, оларды 70% спиртпен суландырған мақта шариктерімен, тырнақ пластинкасын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Залалсыздандырған қолғапты киіңіз.
4. Науқастың сыртқы жыныс мүшелерін жуыңыз (іс-әрекетті қараңыз).
5. Әйелдің қуығына катетерлеуді жүргізіңіз (іс-әрекетті қараңыз).
6. Катетерлеу арқылы қуықты босатыңыз (катетерді шығармаңыз).
7. 50-100 мл мөлшеріндегі жылытылған фурацилин ерітіндісін Жанэ шприціне сорып алыңыз.
8. Катетердің бос шетіне Жанэ шприцін жалғастырып, фурацилин ерітіндісін поршеннің қысымымен итеріп, қуыққа енгізіңіз.
9. Катетерден Жанэ шприцін шығарып алып, қуыққа енгізілген катетердің бос шетін несеп жинайтын ыдысқа салыңыз, сұйықтық еркін катетер арқылы несеп жинайтын ыдысқа ағады.
10. Жуылған су таза болып шыққанша, жууды бірнеше рет қайталаңыз.
11. Қуықта аз мөлшердегі ерітіндіні қалдырып, катетерді шығарыңыз да зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
12. Қолғапты шешіп, қауіпсіз жинауға арналған контейнерге салыңыз.
13. Науқасты ңтұруына және ыңғайлы қалып алуына көмектесіңіз, оны 1 сағат бойы бақылаңыз.
Ескерту: қуықты жуар алдында бір несеп шығаруда бөлінген несеп мөлшерін өлшеу арқылы, қуықтың сыйымдылығын анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |