Үлгілер альбомы кодтық белгіленуі: 05/12–14 атауы: іс-әрекет



бет133/143
Дата11.04.2024
өлшемі1,18 Mb.
#200753
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   143
Байланысты:
Алгоритм мейірбике

Ескерту :

  • сүңгіні енгізгенде оның асқазанға ерікті өтуіне бақылау жүргізу қажет;

  • егер де жуынды суда қан көрінсе , онда емшараны тоқтатып, дәрігерді шақырыңыз;

  • шылапшындағы жуынды судың мөлшері құйғы арқылы енгізген сұйықтықтың көлемімен сәйкес болуы керек;

  • егер де науқас құсқысы келсе, онда сүңгіні енгізуді тоқтатады, одан бірнеше рет терең мұрынмен дем алуын сұраңыз, сосын енгізуді жалғастырыңыз;

  • сүңгіні енгізгенде науқаста жөтел болса , тыныс алу қиындаса, беті көгеру пайда болса (сүңгі көмекейге немесе кеңірдікке түскен ), онда сүңгіні кері тез шығарып алыңыз және қайтадан оны енгізіңіз.



АСҚАЗАНДЫ СҮҢГІСІЗ ӘДІСПЕН ЖУУ
Мақсаты: емдік: уытсыздану – уытты заттардың әсер етуін тоқтату және оларды организмнен шығару.
Диагностикалық: химиялық заттарды, микроорганизмдерді және олардың уыттарын жуынды судан анықтау.
Қолдану көрсетілімдері: сапасы төмен тамақпен, дәрілермен, химиялық заттармен улану.
Дайындаңыз : ішінде суы бар 2-3 л ыдысты , стаканды, сүлгіні немесе салфеткаларды , дезинфектанты бар контейнерді, жуынды суға арналған ыдысты
(шылапшынды)


Іс – әрекет алгоритмі:

  1. Орындыққа науқасты отырғызыңыз;

  2. Науқастың аяғына жуынды суға арналған ыдысты қойыңыз;

  3. Науқастың кеудесін сүлгімен немесе салфеткамен жабыңыз;

  4. Гигиеналық деңгейде қолыңызды өңдеңіз;

  5. Науқасқа 4-6 стакан суды қатарынан ішуге ұсыныңыз;

  6. Құсық рефлексін шақыру үшін оң немесе сол қолдың 2-3 саусақтарымен, шпательмен тілдің түбірін тітіркендіруін науқастан сұраңыз.

  7. «таза жуынды су» алынғанша емшараны бірнеше рет қайталаңыз;

  8. Науқасқа ауызын шайқау үшін су беріңіз, ауыз айналасын салфеткамен сүртіңіз;

Ескерту :

  • Белгісіз у мен уланғанда құсығын таза құрғақ банкаға жинаңыз;

  • Банкінің қақпағын тығыз жабып, жолдаманы толтырып лабораторияға зерттеуге апарыңыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   143




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет