Ұлы дала ойшылдары еңбектерінің студент жастардың рухани-адамгершілік



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата06.10.2022
өлшемі334,3 Kb.
#151885
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Arinova B.A. KazNU bulletin

Әдебиетті шолу 
Адамзат баласының асыл армандарының бірі 
келешек өмірді жалғастыратын
 
өнегелі ұрпақ 
тәрбиелеу болса, ол арман халқымыздың өрелі 
ойы, тағылымды тәлімі және терең тарихындағы 
рухани құндылықтармен үндесіп жатады. 
Рухани-адамгершілік тәрбие
 
жеке адамның 
жан-жақты дамып жетілуіне бағытталған, 
жағым ды мінез-құлықтағы адами тәртіп пен 
дағдыны қалыптастыратын гуманистік негіз-
дегі жалпы тәрбиенің құрамдас бөлігі. Жас-
тарға рухани-адамгершілік тәрбие беру түптеп 
келгенде халықтың өмір тәжірибесінен, ұлт-
тық құндылықтардан бастау алады, сөйтіп, 
педагогикалық сипатқа ие болады. Сол себепті 
студент жастарды қазіргі рухани жаңғыру 
жағдайындағы адамгершілікке тәрбиелеуде 
Ұлы дала ойшылдарының асыл мұраларының 
орны ерекше. Халқымыздың ұрпақ тәрбиесі 
тарихта болған ойшылдардың философиялық 
көзқарастарының, даналық сөздерінің, салиқалы 
ой-пікірлерінің негізінде дамып қалыптасты 
және олар адамгершілік идеяларына бағытталып, 
ұрпағының жақсы адам болуын нысана 
тұтты. Қазақ халқының тұрмыс-тіршілігіндегі 
өнеге мен өсиетке негізделген нақыл сөздер, 
тәрбиелік иірімдер ұлттық келбет пен ұлттық 
мінезден туындап отырған. Бұл дәстүр ата-
бабаларымыздың сара жолы, болашақ ұрпағына 
қалдырып кеткен аманаты және ұлттық мұраты, 
адамгершілік тәрбиесінде халық тәжірибесінің, 
дала даналарының ой-пікірлерінің орны ерекше 
болуы да осыдан. 
Ұлы дала ойшылдары туралы айтар болсақ, 
ең алдымен әлемдік деңгейдегі ғұлама ғалым, 
тарихи ұлы тұлға – Әбу Насыр әл-Фарабидің 
есімін айрықша атап айтамыз. Ол өзінің ғылыми 
еңбектерінде парасаттылық туралы ой толғап, 
адам деген ардақты атты алып жүруді үлкен 
бақыт деп есептеп, үлкендердің кішілерге, 
жастарға беретін тәрбиесін «Үлкендер ұлағат-
тылығы» деп атаған. Ғалым тәрбиенің мәнін 
түсіндіруде оның қоғам дамуындағы алатын 
орнына, ең алдымен адамгершілік тәрбиесіне 
және жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына 
байланыстылығын дәлелдеген. Ұлы ойшыл 
ғалым «ғылым»-«білім»-«тәрбие» деген үш 
ұғымды философиялық, психологиялық және 
әлеуметтік тұрғыдан дәйектей отырып, олардың 
тұлға қалыптастырушылық мәнін айқындаған. 
«Білімсіз адамгершілік молаймайды, білімсіз 
адам өзгенің абзал қасиеттерін тани алмайды. 
Жан дүниені тәрбиелемей, үлкен жетістікке жету 
жоқ. Ғылым мен тәрбие ұштасса ғана рухани 
салауаттылыққа жол ашылмақ. Мінез-құлқын 
түзей алмаған адамның ақиқат ғылымына қолы 
жетпейді», – деп тәрбиенің рухани-адамгершілік 
негізін салып берген. Әбу Насыр әл-Фарабидың 
пікірінше білімді, тәрбиелі, ғылым адамы болу 
әлбетте адамгершілік және еңбек тәрбиесіне 
байланысты. Сол себепті Фараби еңбекті тәр-
биенің алғышарты етіп алды. «Тәрбиені неден 
бастау керек», «Философияны үйрету үшін 
алдын ала не білу керек» атты еңбектерінде 
білім алу мен тәрбиелеудің мақсаттарын 
жеке-жеке анықтайды. «Ғылымдар тізбесі», 
«Ғы лым дардың шығуы» атты еңбектерінде 
ғылымдарды үйрену, реттерін белгілейді және 
тәрбиенің, оның ішінде еңбек тәрбиесінің 
тарихи тағылымын, үлгісін, болашақ ұрпаққа 
өнеге, тәлім етіп қалдырады. «Қайырымды қала 
тұрғындарының көзқарастары», «Бақытқа жету 
жайында», «Мемлекеттік қайраткердің нақыл 
сөздері» сияқты трактаттарында ойшыл ғұлама 


7
Әрінова Б.А. 
адамзат баласын ғасырлар бойы толғандырып 
келе жатқан және өмір бойы жалғаса беретін 
адамтану мәселесіне тоқталады. Адамның 
бойындағы небір асыл қасиеттердің екіжақтылық 
сипатын мінез-құлық, іс
-
әрекет, әдеп пен әдет 
тұрғысынан дәйектеп, олардың тумысынан емес, 
жүре келе қалыптасып, дамитынын қисынды 
түрде дәлелдеп береді. 
Адам бойындағы жақсы және жаман 
қасиеттерді Әбу Насыр әл-Фараби әркімнің ақыл 
парасатының өлшемі ретінде сипаттайды және 
оларды адамгершілік сапаларына негізделген 
мінез-құлық нормалары деп атайды. Адам 
өзінің бойындағы адами қасиеттеріне сәйкес 
әрекет етеді. Жақсы адам үнемі жақсылыққа 
ұмтылады, ал жаман адам әр нәрседен 
кемшілік іздейді. Ал жағымды мінезі мен игі 
іс-әрекеті арқылы жақсылыққа ұмтылуды ой
-
шыл ғалым «екеуі бірдей болып келсе, біз ізгі, 
игілікті және қайырымды адам боламыз, яғни 
біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез-
құлқымыз мақтаулы болады» дейді. Мұнан 
біз түркі ойшылының айтып кеткен ұлағатты 
сөзінің қазіргі жастардың рухани-адамгершілік 
тәрбиесінің де өзегі болып отырғанын байқаймыз. 
Адам өмірінің мәні, бақытқа жету жолдары ту
-
ралы ойларында әл-Фараби: «Адамның өмір 
сүру мақсаты ең жоғары бақытқа жету болса, ол 
адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және 
оны өзінің мақсаты етіп қойып, соған ұмтылуы 
керек. Содан кейін ол бақытқа жету үшін не 
істеуге тиіс екенін біліп, соған әрекет жасауы ке
-
рек. Бақыттың мәні парасаттылықта, әркімнің өз 
алдына игілікті мақсат ете білуінде... адамның өз 
мінез-құлқын, іс-әрекетін ерікті түрде өзгертіп, 
игілікке бағыштап отыруында» деп бақытқа жету 
жолдарының ізгілікті мәнін ашып көрсетеді. 
Олай болса, бақытқа жету мақсат қоя білумен 
шектеседі, ал мақсат адамның бойындағы жан 
қуатына, ерік-жігеріне тікелей байланысты 
жүзеге асырылады. Адамды қоғаммен бірге өмір 
сүретін, қоғамнан тыс әрекет ете алмайтын жа
-
ратылыс деп түсінген ойшыл ғалым әр адамның 
бойынан табылу тиіс адамгершілік сапаларды 
жіктей келе, өз бойындағы туа біткен мынадай 
құрылымдық: 
– мінсіз, келбетті дене бітімі; (бұл «хариз
-
ма» ұғымына саяды) 
– айтылған сөзді жетік түсіну, пікірін 
дәлелдеп, ой қорыта алу; 
– естіген, көрген, нәрселерді есте сақтау
жадының тұрақтылығы; 
– алғыр ой, зерек қабілет, саналы ақыл, 
көрегенділікке ие болу;
– сөз мәнерін түсіну, өз ойын шешен, ділмар 
сөйлеп жеткізе алу; 
– білімге, дүниені тануға құштарлық таны
-
ту, еңбек етуден жалықпау;
– барлық жағдайда барынша сабырлық 
сақтау, өзін-өзі реттеп отыру; 
– үнемі шындық пен ақиқатқа жүгіну, 
өтіріктен әрқашан аулақ болу; 
– әділеттілікті, әділдікті жақтау, ар мен абы
-
ройды, намысты қадір тұту; 
– қанағатшыл болу, жамандықтан сақ болу, 
байлыққа еш құнықпау; 
– бірбеткейліктен аулақ болу, жарасымды, 
ізгілікті қатынасқа түсе алу; 
– қорқыныш пен жасқануды білмейтін 
ержүрек, батыл, қайсар бола алу. 
Ғалым осындай он екі қасиетті өзара 
ұштастыра білген адам өзі-өзі басқарып қана 
қоймайды, ол сол сияқты мемлекетті басқаратын 
да көшбасшылық қасиеттерге ие болады деп 
тұжырымдайды (әл- Фараби, 2009) [3]. 
Әл-Фарабидің өмірін, шығармашылығын 
зерттеген, фарабитанушы ғалым А. Машанов 
ол туралы «дүние емес, білім жиған ғалым» деп, 
ғұлама ойшылдың құндылықтар әлемінде білімді 
өте жоғары бағалағанын айтады (Машанов, 1970) 
[4].
 
Бұл пікірдің рухани құндылықтардан гөрі 
материалдық қажеттіліктерді көбірек таңдайтын 
қазіргі жастарға беретін өнегесі мол екендігі 
анық. Әл-Фарабидің көптеген өлеңдері адамның 
ерік-жігерін, күш-қайратын, ар-намысын шың-
дауға және достықта адал болуға үндегенін мына 
өлең жолдарынан байқаймыз: 
Тіршілікте құрыштай бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді. 
Тағдырыңды ешуақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған.
Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңіңнің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып (Келімбетов, 1986) [5]. 
Бұл өлеңді өзін-өзі тану тұрғысынан 
талдағанда «Дұрыс әрекет», «Ішкі тыныштық» 
құндылықтарымен сабақтастықта қарастырамыз. 
Өзін өзі тану сабақтарының ұтымды әдістерінің 
бірі «шығармашылық тапсырма» әдісі бойын
-
ша «5 минуттық эссе» жазу тапсырылады. Сту
-
денттер өлеңдегі негізгі идеяны өзінің өмірлік 
тәжірибесіне сәйкестендіріп, ой толғанысын 
жазады. Мұндай тапсырмалар өзін-өзі дамытуға, 
өзінің рухани-адамгершілік сапаларын бағалай 
алуға жетелейді. Ғұламаның еңбектерінде 
айтылған рухани-адамгершілік құндылықтарды 


8
Ұлы дала ойшылдары еңбектерінің студент жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі орны
саралай келе, біз әл-Фараби шығармаларының 
қуаты оның адам өмірінің мәнін қайырымдылық, 
жақсылық, қанағат және дұрыс іс-әрекет арқылы 
дәйектеп беруінде деп пайымдаймыз. Соны
-
мен қатар оның шығармаларының қазіргі сту
-
дент жастардың өзіндік тәрбиесіндегі орны зор 
екендігін ашып айта аламыз.
Ұлы дала ойшылдарының тәлім-тәрбиелік 
тарихында Шығыстың ойшыл философы, 
бүкіл Шығыс елдеріне танымал ғалым-энцик-
лопедист, ірі мемлекет қайраткері, көрнекті 
ақын Ж. Баласағұнидің есімі ерекше аталады. 
Оның «Құтты білік» атты еңбегі қоғамдық-
әлеуметтік мәні бар түрлі ережелер мен 
заңдарды, әдет-ғұрыптарды, мәдениет және 
т.б. мәселелерді өз дәуірінің талап-тілектері 
тұрғысынан көрсете білген рухани мұра бо
-
лып табылады. Бұл дастан идеялық жағынан 
имандылық, ізгілік рухында, тәлім-тәрбиелік, 
ғибраттық, өсиет-өнеге, нақыл сөздер түрінде 
жазылған философиялық, психологиялық 
және педагогикалық тұрғыдағы көркем ту
-
ынды. «Құтты білік» дастанында ақын ақыл 
ойдың күші, білімнің адам өміріндегі пайдасы, 
ғылымның адамзат дамуындағы орны туралы 
ой толғап, өз замандастарына әлемді тану үшін 
терең білім қажет екендігін айтып, білімнің жан 
тазалығына, даналық пен бақытқа апарар жол 
екенін ұғындыруға ұмтылады. 
«Құтты білік» дастанында имандылық, 
рухани
-
адамгершілік қасиет-сапалар, соны-
мен қатар тектілік, мейірімділік, достық тәрізді 
ұғым дардың мәні айқындалып, жалпы тәрбие-
нің, адамның өзін-өзі тәрбиелеуінің алатын орны 
нақты көрсетілген. Дастанда білім, ақылдың 
қасиеттері, жақсылық пен жамандық, адам 
бойындағы ізгі асыл қасиеттер туралы көп ай
-
тылады. Ж. Баласағұни адамгершілік сападағы 
кісілік қасиеттерді жоғары бағалай отырып, 
адамның «кісілік» арқылы ғана құрметке, 
сыйластыққа ие болатынын мына өлең жолда
-
рында ашып көрсетеді:
Ұрпағыңның ұрпағына үлгі ет те – 
Кісілікті кісілікпен құрметте!
Кісілікпен, ей, мәрт ерім, ұлы бол! 
Кісілікке түсер содан ұлы жол.
Адамшылық жаса адамға, адам бол!
Адам атын мақтаныш қып адал бол!
(Баласағұн, 1986) [6]. 
Ал еңбектің мазмұнындағы отбасы, неке 
мәселесі, ата-аналар мен балалардың қарым-
қатынасы туралы өнегелі өсиеттер рухани-
адамгершілік тәрбиенің негізі екендігі сөзсіз. 
Ұлы дала ойшылдарының бірі – Махмұт 
Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» атты 
түсіндірме сөздігіндегі адамгершілік, ар-
намыс, махаббат құндылықтарының ұлттық 
өрнектермен өрімдеген өрелі ойдың өрнегі 
екендігін де айтып кетпеске болмайды. Махмұт 
Қашғари бұл еңбегінде адам мен дүниенің, ин
-
дивид пен әлемнің, жан мен тәннің, рух пен 
жүректің біртұтастығын түсіндіруді мақсат 
етеді. Сөздікте адамгершілік қағидалары, тәлім-
тәрбие, өсиет, ізгілік туралы ой-пікірлер ай
-
тылады. Мысалы, «Атасынан ақыл алса, тен
-
тек ұл да жөнделер», «Ұлысыңда ұлы болсаң, 
біліміңді елге бер», «Ұлым, ақыл тыңдасаң, 
білімсіздік жоғалар, білім қалар артыңда, ғұмыр 
сырғып жоғалар» деген сияқты тағылымы терең, 
ғибраттық мәнді мақал-мәтелдер мен қанатты 
сөздердің тәрбиелік мәні бүгінгі қоғамда да өз 
құндылығын жоғалтқан емес. 
Ұлы даланың төсінде есімі ел есінде 
мәңгілікке сақталып қалған тұлғалардың бірі – 
Ахмед Йүгінеки. Адамгершілік тәрбиесінің руха-
нилық қуатын ойшыл ғұламаның «адамгершілікке 
тәрбиелеу кодексі» деп бағаланған «Ақиқат 
сыйы» атты еңбегінен көреміз. А. Йүгінеки бұл 
философиялық-этикалық еңбегінде адамдарды 
жомарттық, кішіпейілділікке, мейірімділікке ша -
қырып, адамгершілік құндылықтардың әлеу-
меттік мәнін айқындаған. Ол жомарттық болған 
жерде алынбайтын асу, жылымайтын жүрек 
жоқ екенін айтып кеткен. Сонымен қатар А. 
Йүгінеки адамдардың мінез-құлқын жақсарту 
арқылы ғана өмірді өзгертуге болатынын ай
-
тып, халық тілегімен санасатын көпшіл, қоғам-
шыл, мәдениетті, адамгершілігі мол тұлға 
өсіруді ата-ананың басты міндеті деп есептеген. 
Ақынның «Бақыт жолы білім арқылы білінеді», 
«Ойланып сөйлеген кісінің сөзі – сөздің асы
-
лы», «Тегі асыл адамның мінезі де сүйкімді, 
сүйкімді қылық көңілді еріксіз өзіне тарта
-
ды», «Адамгершілік кімде болса, соны ер деп 
есепте», «Адамгершілік-үй, қарапайымдылық 
оның іргетасы сияқты», «Пайдасыз егес, орын
-
сыз күлкіден сақтан», «Ұлым саған айтайын 
өсиетін дананың, білімдіні таны да, соңынан 
ер қарағым!» деген ғибратты сөздерін адамның 
өзін-өзі тануына көмектесетін адамгершілік 
идея лары деп түсінуіміз ләзім. Бұл ұлағатты 
сөздер «Өзін өзі тану» сабақтарының дәйексөзі 
ретінде қолданылады. Оқыту әдістемесінде 
дәйексөз тақырыптың тереңдігін анықтау үшін 
беріледі. Өз кезегінде бұл сөздердің әр адам үшін 
пайдалы және құндылықтық тәрбиелік мәні бар 
сөздер болып саналады. 


9
Әрінова Б.А. 
Төл тарихымыздың тағы бір терең та
-
мырын XII ғасырда өмір сүрген ірі тұлға – 
Қожа Ахмет Яссауидің


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет