181
Тап осы жүйе
-лық, -лік
аффикстерінде де қайталанады:
қалалық, тау-
лық, тай-лық
. Бірақ өзге морфемада, мысалы, септік жалғауында,бұл жүйе
басқаша сипат алады:
қала-да, тау-да, тай-да
.
Жалпы фонетикалық алмасудың морфологиялық алмасудан тағы бір
айырмашылығы бар. Егер орфоэпиялық нормадан әдейі ауытқи отырып,
артикуляциялау жақтан әнтек нық айтуға тырыссақ, қосымша реңктегі
фонема өзінің негізгі реңкіне көшуге мүмкіндік алады: (
башшы
) –
басшы
,
(
кешегелді
) –
кеше келді
т.б. Мектеп мұғалімдері оқыту үдерісінде, дикторлар
радиодан ән мәтінін үйреткенде мұндай мүмкіндікті нормадан әдейі ауытқи
отырып, ара-тұра пайдаланып отырады. Тіпті сөз мағынасын айқынырақ
ажырату үшін кей мәнмәтінде
к
-ні әнтек нық айтып, фонеманы негізгі реңкте
дыбыстауға тырысамыз (
сексеулдүң күлү
) –
сексеуілдің күлі
, салыстырыңыз:
(
сексеуілдің гүлү
) –
сексеуілдің гүлі
.
Ал морфонологиялық алмасулар орфоэпиялық нормадан бұлайша
ауытқуға ырық бермейді. Мысалы:
ақ – ағар
сөзін «ақар» түрінде
дыбыстаудың мәні жоқ.
Дыбыстардың жалпы фонетикалық алмасуы мен морфонологиялық
алмасуы бір сөздің шенінде де кездесе береді. Мысалы,
Достарыңызбен бөлісу: