2. Қ.Жұбановтың гендерлік лингвистикаға қатысты ой- тұжырымдары Әлемдік тіл білімінде 1970-жылдары ғана зерттеуге көңіл бөліне
бастаған
гендерлік лингвистика мәселелеріне профессор Құдайберген
Жұбанов 30-жылдары-ақ тоқталған болатын. Профессор Қ.Жұбановтың осы
салаға қатысты тұжырымдарын айқындай түсу үшін ғалым еңбегінен сілтеме
келтірейік: «
Сөйтіп үнемі өзгеріс үстінде болатын тіл жүйесі кенжелеп қалып отырады, оның мағынасынан гөрі де формасы өте баяу өзгереді, бұған әйел жынысты, еркек жыныстысөздер (қою жазумен берген біз –
С.Құлманов)
дәлел бола алады ». Бұл сілтемеге түсінік беріп жатудың өзі
артық болар. Өйткені ғалым қандай да бір тілдік құбылысты қарастыра
отырып, оның басқа да құбылыстармен (тілдік немесе тілдік емес)
байланысты екендігін көрсетіп отырған. Аталған сілтемеден Қ.Жұбановтың
тіл біліміндегі гендерлік зерттеуге бастау салғаны аңғарылады және бұл
жайында профессор Г.Смағұлова былай деп баға береді: «Қазақ тіл білімінде
гендерлік лингвистиканың зерттелуіне назар аударғанда алдымен ойға
оралатын жайт – бұл мәселенің алғашқы ғылыми және танымдық бастау көзі
– қазақ тіл білімінің негізін салушылардың бірі – Құдайберген Жұбановтың
есімімен байланысты екендігі» (88, 240-242).
Сонымен қатар, кейбір сөздердің этимологиясына байланысты ғалым
айтқан пікірлер де
гендерлік лингвистика саласындағы зерттеулерге негіз
болары сөзсіз. Мысалы, ол «
Көне түріктер бұрын