Соңғы құрастырушылар – (ағылш. ultimate constituents) – тікелей құрастырушылардың (фонема, морфема) әрі қарай бөлінбейтін бірліктері.
Сөздің лексикалық класы – конституент (гипоним) ретінде нақты бір сөздің жалпы ұғымын беретін сөздердің жиынтығы. Мысалы, қайың = ағаш; ұл бала = адам; су = сұйық зат;.
Сөздердің семантикалық маркері (фр. marquer-белгілеу, белгі жасау) сөздердің семантикалық немесе грамматикалық класын білдіретін шартты белгілер.
Субституция (лат. substitutio – алмастыратын, орнына жүретін) – бұл жағдайда жалпы мағынасын сақтай отырып, сөйлем элементін басқа сөзбен, конструкциямен немесе грамматикалық құралмен алмастыру. Салыстырыңыз: Жұмысшылар үй салып жатыр. → Үй салынып жатыр.
Тәсіл – зерттеушінің зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету үшін қолданған тәжірибелік амал.
Типология –тілдік құбылыстардың әр деңгейдегі жүйелер (фонология, лексика, грамматика) жиынтығы туралы немесе жалпы әлем тілдері жиынтығы туралы ғылым.