1-ші ойын. «Жүргізушіні тап»
Мақсаты: «Жүргізуші» жағдайының өзгерістеріне тез жауап қату іскерлігін қалыптастыру;байқампаздықты және зейінді дамыиу; қимыл – қозғалыс белсенділігін дамыту;
Ойынға қатысулар шеңберге тұрады.Санамақтың көмегімен «аңшы таңдап алынады, ол бөлмеден уақытша шығып кетеді. Қалған балалардың арасынан «жүрізуші» таңдап алынады. Сосын «аңшы» қайтып оралады да шеңбердің ортасына тұрады, ал «жүргізуші» әртүрлі қимылдар көрсете бастайды. Қалған қатысушылар оның соңынан қайталайды. «Аңшының» міндеті – «жүргізушіні» анықтау.Бұл үшін оған үш рет мүмкіндік береді. Егер таба алса, онда «аңшы» жай қатысушы болады, ал «жүргізуші» «аңшы» болып, бөлмеден шығады.Жаңадан «жүргізуші» таңдайды, сөйтіп ойын жалғасады.
Достарыңызбен бөлісу: |