Тақырыбы : Уақытты бағдарлау
Мақсаты: тәулік бөліктері мен апта күндері білімдерін және уақыт аралықтарының реттілігінде бағдарлау іскерлігін анықтау; «уақыт сезімін» дамыту. Күн режимі мен оны сақтау қажеттілігі түсініктерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: доп, адамдардың суреттері, фишкалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
ІІ. Негізгі білімді тиянақтау.
Мақсаты: тәулік бөліктері, апта күндері мен олардың реттілігі туралы бұрын меңгерген білімдерді тексеру; ойын дамыту.
-Біз «Болған – болады» деп аталатын бойжазу өткіземіз.
Тәрбиеші тапсырманы айтып, допты балаға лақтырады. Бала жауап беріп, допты қайта лақтырады.
-Таң болған, .... (күн) болады.
-Күн болған, ...(кеш) болды.
-Кеш болған, ...(кеш)болды.
-Түн болған, ...(кеш)болды.
Балаларды мақтап қояды және барлық апта күндерінің аттарын қайталап шығуды ұсынады. Бойжазудан кейін сабақтың тақырыбын айту.
Достарыңызбен бөлісу: |