129
бағалауымен байланысқан негізгі элементтері – активтер, мен-
шіктік капитал және субъектінің міндеттемесі» болып табыла-
тынын айта келе, олар қаржылық есептің бұл элементтеріне
келесідей сипаттама береді.
Активтер – бұл құндық бағасы бар кәсіпорынның мүлкі,
мүліктік емес иелігі және құқығы болып табылады.
Міндеттеме – бұл тұлғаның белгілі бір әрекеті басқа бір
тұлғаның пайдасына жасайтын міндеті – мүлікті беру, жұмыс
атқару, ақша төлеу және басқалар немесе белгілі бір іс-әрекеттен
бас тарту, ал несие берушінің қарыз адамнан өзінің міндетін
орындауын талап етуге құқығы бар.
Меншіктік капитал – бұл субъектінің өз міндеттемелерін
шегеріп тастағаннан кейінгі активтері
Сонымен, қаржылық есептің негізгі элементтерінің анықтта-
масын түсіндіруде батыс елдерінен ешқандай айырмашылық жоқ
деп айтуға болады.
Баланс бухгалтерлік есептің «Бухгалтерлік баланс және
қаржылық есеп берудегі негізгі анықтаулар» №2 стандартымен
анықталады. Ол активтердің, меншікті капитал және міндетте-
мелердің мәнін анықтады, сондай-ақ қаржылық есеп беруде
анықтауға жататын ақпараттарға деген талаптардан тұрады.
Баланста ұзақ мерзімді және ағымдағы міндеттемелердің
жиынтық сомасы анықталады. Баланста ағымдағы активтер мен
міндеттемелерді және олардың жиынтық сомасын анықтау,
қаржылық есепті пайдаланушыларды кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауда және дәлелді басқарушылық шешімдер
қабылдауда қажет болатын ақпараттармен қамтамасыз етеді.
БЕС-2 және қаржылық есепті жасаудың әдістемелік
нұсқаулары негізінде құрастырылған бухгалтерлік баланс
көлденең түрде төменде көрсетілген көрсеткіштерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: