20.Тастарды суға тастаймыз. Мақсаты: балалардың екі қолдың қимылдарын байланыстыруды үйрету; қолдың кіші моторикасын жетілдіру; уыстап алу. Күндердің бір күнінде Сұрақ бұлақтың маңында серуендеп жүріп өзінің көңілсіз досын На есекті кезіктіреді.
-Есек, сен неге көңілсізсін?
- Менің бүгін туған күнім, ал маған қонаққа ешкім келген жоқ, ешкім менімен ойнаған жоқ.
- Иа,уайымдама, мен саған келдім. Мен сені құттықтаймын! Қане ойнайық.
- Менде ойыншық болмаса біз қандай ойын ойнаймыз?
- Менің апам ойыншықтарды барлық жерден табуға болады деп айтады, міне, мысалға, тастар.
-Ал олармен қалай ойнауға болады?
-Оларды суға лақтыруға болады. Осылай. Мен сияқты істе.
Үлкен кісі мен бала су толтырылған үстел-ваннаның қасында тұрады .Үлкен кісі балаға тастарды суға тастауды ұсынады.Тастар тегіс ыдыста болады. Бала тастарды екі-үш саусақпен бір- бірден алып олады суға тастайды.Бала алдымен бір қолымен, содан екіншісімен тастайды. Барлық іс қимылдар үокен кісінің эмоциялық пікір айтумен жалғасады, сонымен қатар ол баланың эмоциялық сөз айтуын қолдайды.