Мақсаты: тактилді сезімталдық дамыту, сергу, қызығушылықты белсендендіру. Жабдықтар: Құмжәшік. Баланы алдын ала жер астында өмір сүретін жануармен таныстыру қажет.
Ойын барысы: Педагог. Бүгін біздің қолдарымыз тышқандарға айнала алады. Осылай. ( Ересек адам қолын көтеріп және оларды «үйрек тәрізді» жинайды, балаға саусақ сүйектерімен салынған көз, мұрын және екі тісті көрсетеді.) Өз қолдарыңды тышқандарға айналдырғың келе ме? Менің тышқаныма жер астында маңызды тапсырманы орындауға көмектесу қажет. (Баланың тілегі бойынша ересек адам оның саусақ буындарында мұқият мұрын және көздерін салады). Ал, енді құмға батырамыз? Қара және менің тышқаным сияқты жаса.
Ересек адам бір қолын құмға салады, құмның астында оны қозғалтады (баланың назарын құмның үстіндегі өзгеріске аударады), содан соң әр саусақтарын абайлап қазып алады. Содан соң сол әрекетті баламен жасайды.Содан кейін олар бір-бірінің қолын қазып алады ( құмға үрлеуге болады, қанат, таяқшалар, қылқаламдарды пайдалануға болады).
Нұсқа: Барлық іс-әрекетті жабық көзбен іске асыру — құмда бір—бірінің саусақтарын іздеп, оларды қысу (тышқандар жайлап сәлемдеседі немесе күшпен бір-бірінің аяқтарын қысады).