М6 бп тк mtta «Мәтінді тілдік талдау әдістемесі» п ә н н І ң о қ у- ә дістемеліккешен І



бет39/66
Дата09.04.2023
өлшемі0,71 Mb.
#174066
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66
Байланысты:
bekitilgen 2023 matin pmno umkd

Пайдаланылатын әдебиеттер:
1. Қапасова, Б.Қ. Тіл мәдениеті. Шешендік өнер: Оқулық.- Алматы: ЖШС РПБК "Дәуір", 2014.- 224 б
2. Өмірбаева К.О. Көркем мәтінді лингвистикалық талдау әдістемесі. Педагогика институты
студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құралы. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, - 2016, 131 б.
3. Зейнулина, А.Ф. Сөз табиғаты: Оқулық / А.Ф. Зейнулина, Т.Қ. Қасенова.- Алматы: "Отан" баспасы, 2015.- 339 б.
. Білімді бекіту, меңгерту жедел тест сұрақтары:

  1. Аллетитерация мен ассонанс.

  2. Эпитет пен теңеудің өзара айырмашылығы.

  3. Айқындау мен айшықтаудың ұлғайған түрлері.

  4. Метафора (ауыстыру), кейіптеу, аллегория (пернелеу), символ (астарлау) туралы түсінік.

  5. Әдеби құбылтулардың шығарманың көркемдігін арттырудағы ролі.



Дәріс-11.Поэзиялық шығармаларды талдау
11.1.Поэзиялық шығармалардың тілі.
11.2.Метонимия.
11.3.Метафора.
11.4.Ирония.
11.5.Бастауыш сыныпта өлең мәтіндерімен жұмыс (2-4сыныптар)


Поэзия – сәбидің күнәсіз ажары, жарқын жаны, күміс күлкісі, жанды қуанышы. Шығармалардағы мазмұнды, форманы, таныту жолдары алуан түрлі. Ол шығарманың жанрлық ерекшеліктеріне, композициялық, сюжеттік құрылымына, тілдік ерекшелігіне қарай түрленіп отырады. Ал оның бәрінде басты нәрсе шығармадағы ой мен өрнек тұтастығын естен шығармау. Жазба әдебиетінің жоғары дәрежеде дамуымен қатар халық поэзиясы, ақындық өнер өзінің формасы, стилі, дәстүрі жағынан тереңге тамырын жайып келеді. Мазмұны бір бөлек, формасы да өзгеше дамып, танылады. Көркем әдебиетінің тарихи ерекшелігіне қарап, көбіне толық талдау емес ішнара талдау жүргізіледі. Өлең жолдарында әсіресе шынайы поэзияда қат-қабат ойлар, терең сырлар бар. Бір емес, бірнеше қайталап оқығанда ғана ішкі қатпарларына бойлай ене аласың. Кейбір өлеңде бір сөздің бірнеше рет қайталанатындығы да сол себептен болады. Шынайы өлең әр оқыған сайын жаңа бір қырларынан көрінеді. Шығарманы талдауда біз оның ішкі қатпарларына үңіліп, бүкіл микроорганизміне бойлауымыз керек.
Лирикалық шығармада сюжет бола бермейді. Сондықтан онда мазмұндап айтар еш нәрсе жоқ. Оның мазмұны шығарманың поэтикалық сөзінен, құрылымынан танылады. Сөз образының композициялық құрылымы арқылы ақын философиялық, эстетикалық үлкен ойды білдіре алады.
Армянның талантты ақыны П.Севак: «Поэзия ешқашан да ұсақ түйектен тумақ емес», - дейді. Поэзияда не бар, қалай беріліп тұр, сол сияқты үшінші бір сезім бар, дәлірек айтсақ, бейнелі ой бар. Ақынның не деп отырғаны шығарманың мазмұнында, ал қалай деп отырғаны оның формасында көрінеді.. Поэзиялық шығармада осы үндестікті ашылады. Шығармадағы мазмұнды, форманы табу алуан түрлі. Ол шығарманың жанрлық ерекшелігіне, композициялық сюжеттік құрылымына және тілдік ерекшелігіне қарай түрленіп отырады. Мысалы: Ұлы Абай: «ұзақ өмір не берер» деген шумағында бейнелі ой өлеңнің басқа шумағы бейнелі оймен іштей өзектес болады деп есептеген.. Көркем әдебиеттің үлкен бір саласы – поэзия. Болашақ маманның ынтаықыласын, сүйіспеншілігін поэзияға аудару, поэзия тілін түсіндіру - өлең мәтіндерін талдап, меңгертуден басталады.
Поэзия тілі – бейнелі, мәнерлі, нұрдай таза, мөлдір тіл. Поэзия – адамзат қоғамының шежіресі. Ол көркем ойлауға, интуиция мен эмоцияға негізделеді.
Өлең лирика, мысал, поэма түрінде келеді.
Лирикада сюжет болмайды. Ал, поэма мен мысалда сюжет пен лирика элементі араласып келеді. Өлең өлшемге, ырғаққа, ұйқасқа құрылады. Қазақ өлеңдерінде ұйқас басым болса, орыс өлеңдерінде екпін басым. Ұйқас шұбыртпалы, кезекті, шалыс, ерікті, егіз, аралас, қара өлең ұйқастары болып келеді. Өлеңде буын саны бірдей болып келеді. Он бір буынды өлеңді «қара өлең» дейміз. Шумақ төрт жолдан тұрады. Өлеңнің ырғағы, шумағы, тармағы, бунағы болады. Шумақтың әр жолын тармақ дейміз. Тармақта бірнеше бунақ болады.
Өлең мәтіндерін оқыту - қоғамдық тұрмысты бейнелеп беретін терең идеялық мазмұнды нақты сезімге бөлейтін, бейнелі ұйқас, әсерлі ырғақ ең ықшам әдеби формадағы процесс.
Өлеңнің басты ерекшеліктері:

  1. Өлеңдерде шындық өмір және адамдардың көңіл күй сезімі, әсерлі түрде жинақталып беріледі.

  2. Өлең әдемі көркемдеу амалына сүйенеді, өмірді жинақы бейнелейді. Сезімнен айырылған өлең өзінің өміршеңдік қуатынан да айырылады.

  3. Өлеңдегі бейнелі ой басқа жанрларға қарағанда күштірек.

  4. Өлеңнің мазмұны ықшам, тілі дәл, анық ,бейнелеу қуаты күшті, бояуы қанық болып келеді.

Өлеңнің тілі ырғақты әуенді буыны ұйқасына сай болады. Қазақ өлеңінің құрылысы шумақтан, тармақтан, буыннан, бунақтан, ырғақтан, ұйқастан тұрады. Өлең мәнерлеп оқылады. Мәнерлеп оқыған өлең түсінікті, еске сақтауға қолайлы, жаттауға жеңіл болып келеді.
Прозалық талдау мен поэзиялық талдауды салыстырып көрелік: Мысалы. «Анау үйдің құдасы келіп жатыр» дейміз. Құда үйдікі ем ес, ол үйден адамдардың үй мен үй иесінің арасы жақындығынан, бірінің орнына бірін айтамыз. «Ауыл ұйқыда жатқанда» дейміз. Ауыл мен ауылдағы екеуінің арасында жақындық барлығынан, адамның орнына ауылын айтамыз.
Біреудің қолы жүйрік, шапшаң жазады дегеннің орнына, «қаламы жүйрік» дейміз. (Қол мен қалам жақындығы). «Ет берілді ме?» дегеннің орнына, «Табақ тартылды ма ?» дейміз. Яғни, тамағын табағына алмастырып айтамыз. Сол сияқты, «Неше аяқ ішті?», «Неше кесе іштің?», «неше шелек құйдың?» дейміз.(Қымыз орнына- аяғын, шай орнына – кесесін, су орнына- шелегін алмастырып айтамыз).
«Үстіне кигені кілең жібек, кілең былғары» дейміз.(Киім орнына жасалған нәрсесін айтамыз). Ақсұлу мен Кеншімбайдың айтысқан, ән- өлеңінде Кеншімбайдың сөзінде былай деген жері бар: Жаппастық сап- сары алтын жиған мүлкі, Меймандос, келсе қонақ, барша жұрты. Шығады қыз- бозбала серуенге, Үстіне масаты мен киіп құлпы.
Мұнда алтыннан істелген бұйымдардың орнына бұйымдардың істелген затын- алтынды айтып отыр, масаты мен құлпыдан істелген киім орнына киімдерді істелген заты-масаты мен құлпының өздерін алып отыр. Абайдың сөзінен, яки, кітабынан көшіріп жаз деудің орнына: «Абайдан көшіріп жаз» дейміз. Сөзінің орнына иесін айтамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет