Номиналдық валюталық курс (ағымды валюта бағамы) – екі елдің салыстырмалы бағасын көрсетеді, яғни бір валюта бағасы екіншісімен салыстырғанда. Номиналдық валюталық курстарды белгілеу үшін валюталардың айырбас курсы «түсінігі» қолданады.
Нақты валюталық курс – бұл екі елде өндірілген тауарлардың салыстырмалы бағасы.
Номиналдық және нақты курс арасындағы тәуелділік төмендегідей формуламен анықталады:
ЕR=EN*Pd⁄Pf
Мұндағы: ЕR – нақты валюталық курс,
EN – номиналдық валюталық курс,
Pd – ұлттық валютада сипатталған ішкі бағалар деңгейі (индекс),
Pf – шет ел валютасында сипатталған шет ердег баға деңгейі (индексі):
Валюта айырбас және девиздік курсы болып бөлінеді.
Девиздік курс – шет ел валютасы бірлігінде сипатталған отандық валюта бағасы.
Айырбас курсы – отандық валюта бірлігінде сипатталған шет ел валютасының бірлігі.
Реттеу формаларына байланысты валюталық курстар тіркелген (фиксированный) және икемді (гибкий) курс болып бөлінеді:
Достарыңызбен бөлісу: |