8.Мәліметер қорын басқару жүйелері.Мектепте МҚБЖ ны қолдану мүмкіндіктері. Мәліметтерді ұзақ мерзімге сақтау және оларды өңдеу (алу, өзгерту, мәліметтер қосу т.с.с) мәселесі, бірінші компьютерлер ойлап табылғаннан бастап-ақ күн тәртібіне қойылды. Осы мәселені шешу мақсатында 20-ғасырдың 60-жылдарының соңғы жағында МҚБЖ (Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі) деп аталатын арнайы программалар жазыла бастады.
МҚБЖ өзінің даму жолында файлдарды басқару жүйесінен бастап, иерархиялық және жүйелік мәліметтер қорын басқару жүйелерін басынан өткерді. Сөйтіп өткен ғасырдың 80-жылдарының аяғында барлық жерде «Релациялық Мәліметтер Қорын Басқару Жүйесі» кең қолданыла бастады. Әр МҚБЖ өз сұрау тіліне ие еді, бұл жағдайды бір қалыпқа келтіру үшін SQL (Structured Query Language) деп аталатын бір тіл жасалды. Бұл тіл арқылы релациялық мәліметтер қорындағы мәліметтер басқарылады.
Мәліметтер қоры мен МҚБЖ-ларды бір-бірімен шатастырмаған жөн. Мәліметтер қоры МҚБЖ-лар көмегімен басқарылады. Осы басқару барысында SQL тілі қолданылады. Дегенмен, көбінесе Мәліметтер Қоры деп МҚБЖ-ларды атайды.
Мәліметтер қорының мынадай түрлері бар:
1. Файлдарды басқару жүйесі
2. Иерархиялық
3. Жүйелік
4. Релациялық
5. Объектіге бағытталған
6. Гибридті
Деректер қорын басқару жүйесі – бұл бағдарламалық құрылғы оның көмегімен деректер қоры жасалады, ол толықтырылады жәнеонымен жұмыс істеледі. Бірнеше түрлі деректер қорын басқару жүйелері бар. Олардың көпшілігі арнайы бағдарламалау тілі болады, мысалы: Clipper, Paradox6 Fox Pro және т.б. Microsoft office пакетінің құрамында Access деректер қорын басқару жүйесі енгізіледі. Ол Excel, Word және т.б. бағдарламаларымен қосарлана жұмыс істей алады.
Access 9х-тің объектілері:
Access 9х – терезесі өте қарапайым және ықшамдалған алты түрлі объектісі бар – бағдарлама осылармен жұмыс істейді.
Кестелер (Таблицы) – деректер қорының негізгі объектісі онда деректер сақталады. Реляциялық деректер қоры бірнеше бір – бірімен байланысқан кестелерден тұрады.
Сұраныстар (запросы) – арнайы құрылым, деректер қорын өңдеуге арналған. Оның көмегімен деректер реттеледі, сұрыпталады (фультруют), бөліп алынады (отбирают), өзгертіледі (изменяют), біріктіріледі (объединяют) – яғни өңделеді.
Түрлер (формы) – бұл объект, ол арқылы базаға жаңадан деректер енгізіледі немесе барларын қарап шығаруға болады.
Есеп беру (отчеты) – бұл «кері» форма. Оның көмегімен деректер принтерге шығарылады және көрнекі түрде көрсетіледі.
Макростар – бұл макро командалар. Егер қандай бір операциялар базамен жиі қайталанатын болса, онда бірнеше командаларды жинақтап бір макросқа енгізу керек және оған бөлінген пернелік комбинациясын бекіту керек.
Модульдер – Visual Basic тілінде жазылған бағдарламалар процедурасы (тізімі), (орындау тәртібі).