Емендер (Querqus) туысының 450-ге жуық түрі болса, соның басым бөлігі Солтүстік жарты шардың қоңыржай ендігінің жалпақ жапырақты ормандарын құрайтындардың маңызды бөлігі болып табылады. Өте ұзақ
өміршең, 1000 және одан да артық жыл тіршілік ететін, жекелеген жағдайда
биіктігі 50 м және диаметрі 3-5 м жететін, бірінші деңгейлі ағаштар басым
келеді. Жапырақтары кезектескен, қарапайым, қатты немесе салыстырмалы
жұмсақ, шеттері бүтін, тісті немесе қауырсынды-қалақты, жиі сағақты, көп
жылдық немесе жылда жапырағын түсіретіндер. Жемісі- шошқажаңғақ.
Кәдімгі емен 1- көктемгі гүлдеп тұрған емен, 2- жапырақтары және жемістері бар бұтақ, 3- аталық сырғашаның
бөлігі, 4- тозаңқап (үстіңгі және астыңғы көріністері және көлденең қиығы), 5- аналық гүл (қыры және
бойлық қиығы-тілімі), 6- бүршіктері бар өркен.
Емен тұқыммен көбеюмен бірге, түбірінен жанданады, ал кейде тамыр
атпаларымен де. Еменнің тамыры қуатты, кіндік түртекті, бірақ ізбес қабаты
жақын немесе басқа да қатты жынысты саяз күлгін немесе ылғалы мол
топырақтарда топырақ бетіне жақын орналасады.
Еменнің сүрегі берік, қатты, серпімді, шіруге төзімді, кеме, әуе, көлік,
құрылыс, жиһаз, бөшке өндірісінде маңызды. Қабығы ағаш сүрегі,
жапырақтары және тостағаншалары, сондай-ақ жапырақтағы (талдар, арам
денелер тері илеуге қолданатын таниннің көзі болып табылады). Еменнің,
айтайық, тығындық қытайлық және өзгергіш деген түрлері бағалы
тығындықтар саналады. Олардың тығындықтары мұздатқыш өнеркәсібінде,
мотор-кеме жасауда, медицинада, тұрмыста қолданылады. Жаңғақшасы
азықтық, мал азықтық, дәрілік маңызға ие.
Жаңғағы шошқаға беріледі және кофе дайындауға (суррогат)
пайдаланылады. Емен далалық және егін қорғау жолақтарын жасауда негізгі
тұқымдық болып саналады. Өнеркәсіптік ортаға жоғары төзімділігімен
ерекшеленеді және ертеден-ақ көгалдандыруда кеңінен қолданыс тапқан.
Қазақстанда, әрине оңтүстік аудандардың қалаларында көптеп өсіруді қолға
алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |