Машина қҰрастыру негіздері



бет11/75
Дата28.01.2018
өлшемі5,8 Mb.
#35056
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75
2.6 Қатаңдық және орнықтылық

Қатаңдық дап, бөлшекке күш түскенде өзінің пішінін өзгертпей сақтап қалатын қабілетін айтады. Қыздырып және химиялық әдістермен өңдеу арқылы болаттың беріктігін және беттік беріктігін арттыруға болады, ал қатаңдығын өзгертуге болмайды, себебі қатаңдық тек қана серпімділік модуліне байланысты болады. Сондықтан көптеген бөлшектердің мөлшері қатаңдыққа есептеу арқылы табылады.

Қатаңдыққа: 1) қатаңдықтың аздығынан бөлшектер беріктігі аз болатын жағдайда. 2) Бір бөлшектің қатаңдығының аздығынан екінші бөлшек істен шығуы мүмкін болған жағдайларда ғана есептеу қажет. Мысалы, біліктер қатаңдығы аз болса, олар күш түскенде көп иіледі де, тісті берілістердің ілінісу бұзылады, ал подшипниктер мүлде істен шығады. Сондықтан біліктердің иілу жай тісті берілістер үщін нен аспауы қажет, мұнда тісті берілістердің модулі.

3) Технология талаптарына сәйкес есептеу. Мысалы, станок бөлшектерінің қатаңдығы сол станоктардың дәлдігіне әсер етеді. Сондай-ақ рессорларды, серіппелерді және басқа серпімді денелерді де қатаңдыққа есептеу қажет. Есептеу жолдары материалдар кедергісі курсында қаралады.



Орнықтылық дегеніміз күш түскен кезде денелердің пластикалық деформация алмау қабілеттілігі. Орнықтылыққа ұзын және жіңішке сығу күшін қабылдайтын бөлшектер, мысалы, ұзын винттер, штоктар, домкрат винттері , іші қуыс біліктер т.б. жатады.


2.7 Тозуға төзімділік

Тозған бөлшектер көбінесе төмендегі бұзылу жағдайларына әкеп соғады:



  1. Тозу нәтижесінде бөлшектердің беріктігі төмендейді және динамикалық күштердің шамасы артады. Бұл жағдай бөлшектердің сынуына әкеп соғады.

  2. Приборлардың, өлшеу аспаптарының және станоктар бөлшектерінің тозуы, олардың дәлдігін кемітіп, қолдануға жарамсыз етеді. Қазіргі уақытта тозудың көптеген түрі анықталды. Тозу мәшине бөлшектерінің жанасу бетіне сырттан енген қаттылығы жоғары абразивтер түсуден, тотығудан, металдардың бірімен-бірі қабысып қалудан және қажудан пайда болады.

  3. Мәшинелердің пайдалы әсер коэффиценті азайып, шу көбейеді. Мәшине бөлшектерінің тозуға төзімділігін арттыру үшін оларға мынадай жағдайлар жасалуы қажет:

1. Бөлшектердің үйкелісетін жерлерін үнемі майлап, үйкеліс коэффициетін азайту үшін антифрикциялық материалдар қолдану қажет.

2. Қыздырып және химиялық әдістермен өңдеу арқылы тозуға төзімділігін арттыруға болады. Мысалы, көміртегімен қандыру, хромдау, азоттау және т.б. өңдеу арқылы болаттардың беріктігін, тозуға төзімділігін бірнеше есе арттыруға болады.

3. Тез тозатын бөлшектерді ауыстырмалы немесе жылжымалы етіп жасаған жөн. Мысалы, сырғанау подшипнигінің астарын ауыспалы етіп жасау немесе конусты подшипниктердің сыртқы сақинасын жылжымалы етіп жасау тозудан пайда болатын санылауды болдырмауға мүмкіндік туғызады.


  1. Бірімен-бірі жанасатын бөлшектердің материалдарын дұрыс таңдау жөн: а) тісті дөңгелектерді мейлінше қаттылығы жоғары етіп жасаған дұрыс. Шыныққан болаттан жасалған тісті дөңгелектер салмағы жағынан жақсартылған болаттан жасалған тісті дөңгелектерден үш есе кем және олардың жұмыс істеу мерзімі жоғары. Шыныққан болаттардың қаттылығы абразив бөлшектерінің қаттылығынан жоғары болған жөн; ә)үйкелісте болатын мәшине бөлшектерінің бірін қаттылығы жоғары материалдан (мысалы, шыныққан болат), ал екіншісін үйкеліс коэффициенті кем, тозуға төзімді материалдан (қола, жез, баббит жасаған жөн; б) тек қана тат басып үгіліп тозудан жыл сайын мемлекет 10 млн. тоннадай металл жоғалтады, олардың құны бірнеше миллиард теңгеге жетеді.

Бөлшектерді тат басудан қорғау үшін әр түрлі түсті материалдармен, полимерлер мен шыны материалдарымен жабу әдісі қолданылады. Сондай-ақ, жаңа материалдарды, атап айтқанда, өзекті арқаулы материалдар, металды керамикалық, графитті материалдар және пластмассаларды кеңінен қолдану қажет.
2.8 Жылуға төзімділік

Мәшине бөлшектеріне шамадан тыс күш түсіргенде, олар тез істен шығып қалады, оның себебі:



  1. Материалдардың беріктігі төмендейді, металдардың температурасы 300…400С-қа жеткенде олардың беріктігі төмендеп, өздігінен «жылжу» пайда болады, былайша айтқанда, пішінін өзгерте бастайды.

  2. Жоғары температурада май өзінің майлау қасиетінен айырылады. Айталық, автотрактор майы температурасы 120С-қа жетпей-ақ бұзылады, тек

арнаулы май (авиацияға арналған) 300…400С –қа дейін майлау қабілеттілігін сақтап қалуы мүмкін, ал одан жоғары температурада үйкеліс күшінің кенеттен артуынан ол да майлау қабілеттілігінен айырылып, бөлшектердің бірімен-бірі жабысып қалу қаупі туады.

  1. Ыстықтың әсерінен бөлшектер арасындағы саңылау азаяды, дәлдік кемиді және басқа ұнамсыз жағдайлар пайда болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет