Мақта шротын алу үшін мақта дақылын өсіру технологиясы


Қозаның өсіп-жетілуі мен пісіп жетілуінің негізгі табиғи факторлары



бет11/15
Дата07.02.2022
өлшемі68,28 Kb.
#82272
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
қоза баптау жүйесі кітабі (1)
қоза баптау жүйесі кітабі (1), Жаратылыстану
Қозаның өсіп-жетілуі мен пісіп жетілуінің негізгі табиғи факторлары.


Жылу факторы. Қоза жалпы алғанда жер шарының тропикалық аймағында пайда болады. Ол аймақта аяз атаулы тіпті де болмайды. Жыл ішіндегі ең салқын деген айдың өзінде ауаның температурасы орта есеппен Цельсия бойынша 18 градус жылылыұтан төмен түспейді. Сондықтан да қозаның жылуға деген жоғары суранысы қалыптасқан.
Қозаның өсіп-жетілуі мен пісіп-жетілуі үшін қажет ең жақсы әрі тиімді температура шиттің өніп шығуын қоса есептегенде Цельсия бойынша 25-30 градус болып келеді. Мұндай 25 градус жылылықтан төмен температурада қозаның өсуі баяулай түседі, ал, 17-20 градус температурада жылудың жетіспеушілігі қозаның өсіп жетілуіне зардабын қатты тигізеді. Қозаның өсіп жетілуі мен шиттің әлі де болса өніп шығуы үшін қажет ең төменгі температура 10-12 градус. Ал, температура Цельсия бойынша 10 градустан төмен түскен кезде шит өнбейді, қоза өспейді. Қозаның жас өскіндері цельсия бойынша -1-2 градус суықта үсіп кетеді. Бұл ретте суықтың қаншалықты созылатындығы үлкен рөл атқарады. Суықтың тигізетін зардабына ауаның ылғалдылығы, күннің күңгірттігі, желдің соғуы сияқты факторлар да қосымша әсер етеді.
Цельсия бойынша 30 градус жоғары температура кезінде қоза қатты қолайсыздық сезініп, сола бастайды. Ал, температура 37 градусқа жеткенде қоза өсуін тоқтатады, өйткені оның өн бойы ыстыққа шыдай алмайды. Сондықтан да жазғы ыстық кезінде қоза күндіз өспей, негізінен алғанда түнде, күндізгі ыстық басылған кезде өседі.
Қозаның өсіп-жетілуіндегі бір кезеңнен екінші кезеңге өту үшін белгілі бір жылу мөлшері талап етіледі. Ол мөлшер ауаның орташа тәулік бойынша алғандағы белгілі бір температурасынан төмен болмауы тиіс. Қозаның көсек байлайтын кезеңге өтер кездегі жылуға деген сұраныс мейілігше түседі. Олай болса, көсек байлайтын кез қозаның өсіп жетілуі барысындағы аса маңызды өзгерісті кезең болып табылады.
Жарық факторы. Қозаның жарыққа деген сұраныстары да тым жоғары. Ол күннің көзі жақсы түсетін ашық алаңқайды ұнатады. Оның жапырақ пластиналары өзінің үстіндегі бетін күні бойы өзіне күн сәулесі тік түсетіндей қалыпта ұстауға тырысады.
Жарық жетіспеген жерде қозаның өсуі кешеуілдейді. Қоза көсек байлар кезеңде жарықтың жетіспеушілігі салдарынан қозаның өнімдік түйіршек бүршіктерінің түсіп қалуы күшейеді, ал, гүлдеу кезінде ондай түйіршек бүршіктерде түсіп қалады.
Ылғал факторы. Қоза, өзінің салыстырмалы түрде алғанда құрғақшылыққа едәуір төзімді екендігіне қарамай, суға деген сұранысында кемітпейді.
Өнім беретін органдарын қоса есептегенде өсімдіктің әрбір килограмм құрғақ салмағының пісіп жетілуі үшін қоза орта есеппен алғанда маусымда 600-700 килограмм су ішеді. Егер қозаның өсіп жетілуі үшін ең жақсы жағдайлар жасалып, егіс даласындағы агротехникалық шаралар неғұрлым жоғары болған сайын оның әрбір килограмм құрғақ салмағы үшін қажет болатын судың мөлшері де кеми түседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет