Карточкалар бойынша практикалық жұмыс. Балалар фигуралардың кескіндері бар карточкаларды алады, жұптық жұмыс жүргізіледі.
Өздеріңіздің жеке парақшаларыңыздағы фигуралардың қабырғаларының ұзындықтарын өлшеңіздер жəне егер бұл мүмкін болса, периметрді əртүрлі тəсілдермен табыңыздар.
Балалар фигуралар алдын ала сызылып қойылған жеке парақшалардағы тапсырманы орындайды. Олар əр фигураның қабырғасын өлшейді жəне мүмкін болған жағдайларда қосу амалын көбейту амалына ауыстыра отырып, периметрді табуға арналған өрнектерді жазады.
- Қорытынды: периметр дегеніміз не? (Фигураның қабырғаларының ұзындықтарының қосындысы.) – Периметрді қалай табуға болады?