Мазмұны кiрiспе 1 тарау педагогиканың жалпы мəселелерi


Түрткi- əрекеттiң себебiн, оны неге жасау керектiгiн анықтайды. Мақсат



бет11/28
Дата14.03.2020
өлшемі0,64 Mb.
#60153
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
Абиев Педагогика Каз


Түрткi- əрекеттiң себебiн, оны неге жасау керектiгiн анықтайды.

Мақсат - əрекеттiң нəтижесi қандай болуға тиiстi екенiн анықтайды.

Баланың оқудағы негiзгi түрткiсiнiң бiрi - қызығу.

Оқу жұмысының жемiстi болуы, ең алдымен, балада бiлiмге деген қызығушылықтың

нəтижесi болып табылады. Мүмкiн бала өзi оқуға талпынбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкiн емес.

Қызығуды туғызу үшiн оқушыларға берiлетiн бiлiмнiң мақсаты мен қажетiн түсiндiрiп, оларға нақты

оқу мiндеттерiн үйрету керек.

Қызығуды туғызудың шарттары мен амалдары көп. Солардың iшiнен мына төмендегiдей 3

процестi атап көрсеткен пайдалы:

1. Оқу материалының мазмұны /ондағы жаңалық-тар, қазiргi ғылым мен техникадағы жаңа

табыстар, оның практика үшiн пайдасы т.б./

2. Оқуды ұйымдастыру, басқару процесiнiң ерекшелiк-терi /оның əдiстерi мен формалары т.б./.

Мысалы оқытудың проблемалық сипаты, оқушылардың творчестволық жəне практикалық

жұмыстарды өздiгiнен орындауы, көрнекi құралдар мен техникалық құралдар т.б.

3. Мұғалiм мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас-тың ерекшелiктерi. Мысалы, сабақта

мұғалiм мен оқушылар арасында жылы шырайлы педагогикалық қарым-қатынастың болуы, еркiн,

жағымды ерекше жағдай, мұғалiмнiң көңiл-күйi, ақжарқын болуы, оқушылардың бiр-бiрiне көмек

беруi, өзара ойын-жарыс ұйымдастыру т.б.

Жаңа оқу материалын танымдық қабылдау

Оқушының бiлiмдi меңгеруi жаңа оқу материалын қабылдаудан басталады. Қабылдау –

адамға тiкелей əсер ететiн заттардың немесе құбылыстардың адам санасында бейнелену

процесi. Сабақ үстiнде оқушылардың жаңа материалмен танысуы түйсiктен жəне қабылдаудан

баста-лады. Ал түйсiк сананың сыртқы əлемiмен байланысты. Сезiм мүшелерiмiзге əсер етiп,

оның миымызда бейне-ленуiн түйсiк деп атайды.

Бiлiмдi жан-жақты меңгеру жəне түсiну үшiн оқу материалын қабылдау - бақылау

жеткiлiксiз. Одан əрi оқушылар қортындылар жасауға тиiс. Бұл оқушы-лардың бiлiм мазмұнын

жете түсiнiп, ұғынуы жəне белсендi де терең ойлау əрекетiнiң нəтижесiнде ғана жүзеге асады.

Ұғыну - бұл саналы түрде ғылыми бiлiмдi, заңды-лықтарды ұғу, фактiлердi жинақтау

процесi, қорытынды ___________шығару. Ұғыну процесiнде оқылатын материал терең ойластырылады,

дəлелденiледi жəне бекiтiледi.

Ұғым, қарапайым жəне ғылыми ұғым болып екiге бөлiнедi. Қарапайым ұғым дегенiмiз

баланың оқудан емес, өмiрден көрiп – бiлгендерiнен туатын əртүрлi құбылыстар жөнiндегi түсiнiгi.

Ғылыми ұғымдар тек оқыту процесiнде жинақталатын мəлiметтер, қағидалар мен құбылыстар

туралы бiлiм, түсiнiк.

Ұғымның қалыптасуы - өте күрделi процесс, ол – оқушылардан белгiлi ойлау амалдарын

қолдануды талап етедi. Ойлау – талдау /анализ/, синтез, дерексiздендiру /абстракция/, жалпылау

сияқты операциялардан тұрады.

Оқушыларда ұғымды қалыптастыру үшiн мұғалiм оларды осындай ойлау операцияларын

қолдануға үйретедi.

Абстракциялау деп заттардың негiзгi қасиеттерiн, оның екiншi дəрежелi қасиеттерiнен бөлiп

алып, жалпылап қарауды айтады.



Бiлiмдi бекiту

Оқыту процесiнде оқушылардың алған бiлiмдерiн бекiтiп отырудың маңызы ерекше.

Бекiту - бұл оқушылардың бiлiмдi берiк ұғынуының тиiмдi əдiс-тəсiлi. Сабақта жаңа

материалды қабылдаудан кейiн, бекiту əр түрлi практикалық, лабораториялық жұмыстар негiзiнде

жүзеге асады.

Бекiтудiң бұдан да басқа əдiс-тəсiлдерi бар. өтiлген оқу материалын бөлiктерге бөлiп

қайталап отыру: күнделiктi қайталау, тақырыптық қайталау, есте қалдырудың тəсiлдерiн үйрету

т.с.с.


Бiлiм мен дағдыны практикада қолдану

Бiлiмдi жан-жақты меңгеру, оны практикада қолдануды қажет етедi.. Бiлiм мен дағдының

сапасы мен нəтижесiнiң көрсеткiшi практика. Егер оқушы бiлiмдi практикада қолдана алмаса, бұл

оның бiлiмдi үстiрт қабылдағандығынан, жете түсiнбегенiнен болады. Бiлiмдi практикада

қолданудың оқу процесiнде екi түрi жиi кездеседi. Бiрiншi – бiлiмдi жаңа материалды ұғыну үстiнде

қолдану, екiншiсi – жаңа оқу мiндеттерiн шешу үстiнде қолдану. Бұл кезде оқушы бұрын алған

бiлiмiн жаңа мəселелердi шешуге байланыстырып, өздiгiнен əрекет жасай алады.

Бiлiм мен дағды оқыту процесiнде түрлi практикалық жəне лабораториялық жұмыстарда

кеңiнен қолданылады. Мұндай жағдайда оқушылар өздiгiнен бақылау, тəжiрибе жасау, iздену

əрекеттерiне негiзделген жұмыстарды орындайды.



Оқушылардың бiлiмi мен дағдысын тексеру, оны талдау жəне бағалау. Оқыту

процесiнде бұл жұмыс өз алдына дербес практикалық буын болып табылады жəне оқытудың

əрбiр кезеңiнiң құрамынан да орын алады.

Оқытудың бiлiм алудағы жетiстiктерiн, табыстарын жəне мүмкiндiктерiн талдап, айтып

берудiң жəне оны бағалаудың маңызы ерекше. Мұғалiм мен оқушы үшiн мұндай жұмыс,

кибернетикалық тiлмен айтқанда керi байланыс болып табылады. Мұны мұғалiм оқытудың əрбiр

кезеңiнде: жаңа бiлiмдi қабылдау, оны ұғыну, бекiту, практикада қолдану кездерiнде iске асырады.

Сонымен қатар бұл жұмыс оқыту процесiнiң белгiлi кезеңiндегi /тоқсан жəне жыл аяғында/ дербес

буын ретiнде де қолданылады.

Бағаны дұрыс қоюдың оқушылар үшiн тəрбиелiк маңызы ерекше: ол – оқуға деген стимул,

мотив функцияларын атқаруы мүмкiн.

Оқыту процесiнiң жоғарыда айтылған жеке буын-дарының маңызы мен орнын бiлумен

қатар, олардың бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты болатынын, бiртұтас процесс екенiн

ұмытпау керек. Сондықтан оқушының бiлiм мен дағдыны меңгеру жолын бiртұтас процесс деп

қараған жөн. Ол - қабылдау, түсiну, бекiту, қолдану сияқты өзара байланысты құрамнан тұрады.

4. Оқытудың түрлерi

Оқыту теориясы мен тəжiрибесi дамуының жалпы заңдылықтарының бiрi - дидактикалық

жүйелердiң бiрiз-дiлiгi, ұрпақтылығы. Əрбiр жаңа жүйе дəстүрлi жүйелердiң күштi қасиеттерiн,

идеяларын, тəжiрибесiн өзiне сiңiрiп алады. Дидактика тарихында оқытудың үш түрi қалып-тасқан:



түсiндiрмелi-иллюстрациялы (дəстүрлi), проблемалы, бағдарламалы (компьютерлiк). Ендi

осылардың жетiстiктерi мен кемшiлiктерiне тоқталайық:



1. Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқыту дəстүрлi оқыту деп аталатыны тарихта ұзақ уақыт

бойы өмiршең болғанына байланысты. Дəстүрлi оқыту жаңадан пайда болған түсiндiру жолдары

мен көрнекiлiктердi өзiне кiрiктiрiп отырады. Бұл жүйедегi негiзгi оқыту əдiс-тəсiлдерiне

көрнекiлiктердi пайдалана отырып түсiндiру жатады. Оқушылардың негiзгi iс-əрекетi: берiлген

бiлiмнiң мазмұнын тыңдау, қабылдау, естерiнде сақтау. Мұндай оқытудың талабы: оқушылар есте

сақтаған өткен оқу материалының мазмұнын қатесiз қайталап айтып беруi.

Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқытудың ғасырлар бойы нығайтылған пайдалы жақтары:

- уақытты үнемдейдi;

- мұғалiм мен шəкiрттердiң күш-қайратын жетiлдiредi;

- күрделi бiлiмдердi қабылдауды жеңiлдетедi;

- оқыту процесiн тиiмдi басқаруды қамтамасыз етедi.

Түсiндiрмелi-иллюстрациялы оқытудың кемшi-лiктерi:

- оқушылардың дайын бiлiмдi жаттап алуы,

- шəкiрттердiң өз бетiнше ойлауына қажеттi көңiл бөлiнбеуi,

- дара жəне бөлiп оқыту мүмкiндiктерiнiң жетiмсiздiгi.

2. Бағдарламалы (компьютерлiк) оқыту

Бағдарламалы оқытудың негiзгi мақсаты - оқыту процесiн басқаруды жетiлдiру, тексеруден

өзiн-өзi тексеруге, оқытудан өзiн-өзi оқытуға көшу. Бағдарламалы оқытуда жаңа бағдарланған

оқулықтар, оқыту құжаттары, үйрету (оқыту) машиналалары қолданылады. Оқытудың бұл түрi

1960 жылдан бастап Б. Скиннер, Н. Краудер бастамасынан кейiн, педагогика, психология жəне

кибернетиканы ұштастырып пайдаланылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшелiктерi: оқу материалы жеке логикалы бөлшектерге

бөлiнедi; əр бөлiмдi меңгерген соң, оқушы өздiгiнен тест-сұрақтарға жауап бередi; дұрыс жауап

берiлсе, келесi бөлiмге өтедi; жауап қате болса, өзi бөлiмдi қайталап өтiп, сұрақтарға тағы да

жауап бередi.

Оқытудың бұл түрiне негiз болған оқу бағдарламасы оқу материалын, оны меңгеру

барысындағы оқушының iс-əрекетiн, тексеру түрлерiн бiр тəртiппен ретке келтiредi.

Бағдарламалап оқытудың үш принципi бар: сызықты, тармақты жəне аралас. Сызықты

бағдарламада оқу материалы бiрiздiлiкпен берiледi. Тармақты бағдарламада əр оқушы мақсатқа

өз жолымен келедi. Қате жауап берген кезде оқушы керектi тармаққа өтiп, қайтадан оқып,

қосымша түсiнiктеме алып, қатенi жойып, негiзгi сызыққа қайтып оралады. Мықты оқушылар негiзгi

сызықпен жүрсе, əлсiз оқушылар тармақтарға кiру арқылы нəтижеге жетедi. Аралас бағдарламада

қиын тақырыптар тармақтарға бөлiнедi, басқалары сызық бойынша орналасады.

Бұл оқыту машинасыз жəне машиналы болып екiге бөлiнедi. Машинасыз бағдарлама оқыту

үшiн арнайы оқулықтар, перфокарталар пайдаланылады, негiзгi деректер көзi қағаз болады. Оқу

нəтижесi бiраз уақыттан соң бағаланылады. Соңғы кезде машиналы бағдарламалап оқыту үшiн

компьютер кең қолданылуда. Тапсырмалар, мəтiндер, сұрақтар, жауаптар дисплей дидарында

жазылып, сол мезгiлде бағаланып тұрады.

Оқу бағдарламасы оқыту алгоритмiне негiзделген. Алгоритм - дұрыс жауапқа жетелейтiн

бiрiздi ақыл-ой жəне оқу iс-əрекеттерiнiң жүйесi. Бiлiм мен бiлiктердi толық меңгеру үшiн алгоритм

оқушыларға оқу əрекетiнiң құрамы мен орындау тəртiбiн белгiлейдi. Оқу бағдар-ламасын

құрастырудан алдын-ала оқу барысын басқару үшiн алгоритм жасалынады. Алгоритм сапасы

компьютерлiк оқытудың сапасына тiкелей ықпал жасайды. Сондықтан, компьютерлiк оқытудың

сапасы оқу бағдарламасы мен техника сапасына тəуелдi.

Бағдарламалап оқытудың күштi жақтары:

- оқу материалының бөлшектенiлуi,

- оқушының белсендi өзiндiк жұмысы,

- тұрақты тексеру,

- оқыту қарқыны мен оқу материалы көлемiнiң даралануы,

- техникалық оқыту құралдарын пайдалану.

Бағдарламалап оқытудың кемшiлiктерi:

- бағдарлама жасауға көп уақыт, күш керектiгiнен ол өте тиiмдi,

- мектептегi компьютерлердiң саны мен сапасы жеткiлiксiз.



3. Проблемалық оқыту

Заманауи бiлiмдендiрудiң мақсаты мамандарды шығармашылыққа дайындау екенi даусыз.

Шығарма-шылық дегенiмiз жаңалықты (жаңа нысана, жаңа бiлiм, жаңа проблема, жаңа əдiс) ашу.

Осыған орай, проблемалық оқытудың өзi де шығармашыл процесс: бейқалыпты ғылыми-оқу

мəселенi бейқалыпты əдiстермен шешу. Соңғы кезде кең тараған оқу түрiнiң мəнi: мұғалiм жаңа

бiлiмдi дайын түрде баяндамай, оқушылардың алдына проблемалық сұрақтарды қойып, оларды

шешудiң жолдары мен тəсiлдерiн iздеуге бейiмдейдi.

Аталмыш оқыту жаңадан ғана пайда болған жоқ. Кезiнде бұған өз үлесiн қосқан педагог-

ғалымдар Сократ, Руссо, Дистервег, Ушинский. Мысалы, Дистервегтiң дəлелдеуiнше, ''жаман

ұстаз ақиқатты айта салады, жақсы ұстаз оны iздеп табуды үйретедi''.

Проблемалық оқытуды ойдағыдай iске асыру үшiн шəкiрттерге ұсынатын проблемалық

сұрақтар жүйесiн жасап шығу қажет. Ескеретiн жайт: кез келген сұрақ проблемалы бола бермейдi.

Проблемалы сұрақтың жауабы дайын болмайды, оны оқушы мiндеттi түрде өзi iздеуi шарт. Ол

сұрақ баланың сана-сезiмiнде қиындық туғызуы қажет. Оқушы iштей түйсiнген ойлау

қиыншылығы проблемалық жағдаят деп аталады. Проблемалық сұрақ, бiр жағынан, қиын болуы,

екiншi жағынан, оқушының шамасына лайық болуы керек.Осындай проблемалық жағдаят туғызу,

проблемалық сұрақ қою - проблемалық оқытудың алғашқы кезеңi.

Келесi кезеңде бала iштей өз бiлiмiн талдап, таңдап, олардың жауап алуға жеткiлiксiз

екенiн анықтайды да iзденiс жолына белсендiлiкпен түседi. Үшiншi кезеңде ол сұрақтың жауабын

дұрыс шеше бiлу амалдарын, жаңа бiлiмдi меңгередi. “Мен бiлдiм!” деген қуанышты жағдайға

жетедi. Кейiнгi кезеңдерде дұрыс жауапты тексередi, алғашқы гипотезамен салыстырады, алынған

бiлiм мен бiлiктi қорытындылайды, жинақтайды.

Мұғалiм проблемалы оқытудың барысында оқушы ойына, пiкiр қайшылықтарына дұрыс

бағдар жасай отыра, жауап табу əдiстерiн үйретедi. Əдетте, оқытудың бұл түрi жаңа оқу

материалын түсiндiру кезеңiнде қолданылады. Сонымен, проблемалы оқытудың ерекшелiгi:

оқушыға дайын бiлiм берiлмей, одан проблемаларды iзденiс арқылы шешу талап етiледi.

Проблемалық оқытудың күштi жақтары:

- оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн арттырады;

- оқу еңбегiне қызығушылығын арттырады;

- оларды өздiгiнен саналы жұмыс iстеуге үйретедi;

- берiк бiлiмге, оқытудың жоғары нəтижесiне жеткiзедi.

Проблемалық оқытудың кемшiлiктерi:

- оқушылардың танымдық iс-əрекетiн басқаруға əлсiз ықпал ету;

- мақсатқа жету үшiн көп уақыт жұмсау.

Қазiргi мектептерде түсiндiрмелi жəне проблемалық оқыту түрлерi бiрге қатар

қолданылады.



Бақылау сұрақтары

1. Педагогиканың қай саласы оқыту процесiне арналған?

2. Дидактика қандай мəселелердi қарастырады?

3. Оқыту мен оқудың қандай айырмашылығы бар?

4. Оқытудың ғылыми негiздерiн атап көрсетiңiз?

5. Оқытудың қызметiн атаңыз.

6. Оқыту процесiнiң құрылымын жəне оның буындарын сипаттаңыз.

7. Оқу түрлерiн, олардың жетiстiктерi мен кемшiлiктерiн атаңыз.

8. Оқыту түрлерiнiң сипаттамасын жəне ерекшелiктерiн атаңыз.

2.1 Оқыту заңдылықтары

1. Оқыту заңдылықтары туралы жалпы түсiнiк

Оқыту процесiн iске асыру белгiлi бiр заңдылық-тарды меңгеру негiзiнде жүзеге асады.



Құбылыстар мен процестер арасындағы объектiлi, маңызды, қажеттi, жалпы, берiк,

белгiлi жағдайда қайтала-натын өзара байланыс заңдылық деп аталады. өзара байла-нысы

бар объектiлер, байланыстың түрi, сипаты, қызмет аясы анықталған кезде заңдылықты заң деп

бiлемiз.

Оқыту процесiнiң заңдылықтары оның тұтастығын дəлелдейдi. Оқыту заңдылықтары



сыртқы жəне iшкi, жалпы жəне жеке деп бөлiнедi. Сыртқы заңдылықтар оқытудың қоғамдық

шарттардан, саяси-əлеуметтiк жағдайлардан тəуелдiл___________iгiн сипаттайды. Iшкi заңдылықтар оқытудың

мақсаты, əдiстерi, құралдары, түрлерi арасындағы бай-ланыстарды сипаттайды. Жалпы

заңдылықтар бүкiл оқыту жүйесiн қамтыса, жеке заңдылықтар оқыту жүйесiнiң нақты, жеке

бөлiктерiн қамтиды.

Оқыту процесiнiң жалпы заңдылықтары:

1. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерi қоғам талабына,

мүмкiндiктерiне, педагогика ғылымының даму деңгейiне тəуелдi.

2. Бiлiм беру, тəрбиелеу жəне дамыту өзара байланысты.

3. Оқушының таным белсендiлiгi артқан сайын, оқыту сапасы жоғарылайды.

4. Оқытудың тиiмдiлiгi керi байланысқа, қайталауға, түзету iс-əрекеттерiне тəуелдi.

5. Əрбiр тұлғаның жас жəне дара ерекшелiктерiне байланысты таным əрекетiн

ұйымдастыру.

6. Оқытудың мақсаттары, мазмұны, сапасы мен əдiс-тəсiлдерiнiң өзгерiп, жаңарып,

толықтырылуы.

Жеке заңдылықтарға дидактикалық, психологиялық, ұйымдастыру заңдылықтары жатады.

Оқытудың негiзгi заңдары:

- Қоғамдық қатынастар, əлеуметтiк құрылыс пен əлеуметтiк тапсырыс тəрбие мен оқыту

жүйесiн қалып-тастыруға ықпал етуi туралы заң.

- Бiлiм алу, iс-əрекет жолдарын меңгеру жəне тұлғалық дамудың өзара байланысы туралы

заң.


- Педагогикалық процестiң бөлiктерiнiң бiрлiгi жəне бiртұтастығы туралы заң.

- Оқытуда теория мен тəжiрибе бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң.

- Оқу iс-əрекетiнiң жеке жəне ұжымдық түрлерiнiң бiрлiгi жəне өзара байланысы туралы заң.

Заңдылықтар мен заңдар ғылыми теорияның негiзгi бөлiктерi болып келедi. Кейбiр

зерттеушiлер педагогиканың өз заңдылықтары мен заңдары жоқ, сондықтан ол ғылым емес деген

пiкiрдi бiлдiредi. Жоғарыда аталған педаго-гикалық заңдылықтар мен заңдар терiс пiкiрлердi жоққа

шығарады.

2.2 Оқыту принциптерi мен ережелерi

1. Оқыту принциптерi туралы түсiнiк

Принцип (латын сөзi) - басшылыққа алатын идея, негiзгi талап, қағида. Дидактикалық

принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерiн, əдiстерiн оқытудың мақсаты мен

заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесi. Оқыту принциптерi дидактиканың

категорияларына жатады. Олар оқыту заңдарын жəне заңдылықтарын пайдалану əдiстерiн

сипаттайды. Дидактика тарихында зерттеушiлер оқыту принцип-терiн, негiзгi

қағидаларды белгiлеуге көп күш салды.

Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-əлеуметтiк жағдайларға байланысты.

Қоғамның оқытуға қойылатын талаптары өзгерiп отырғандықтан, кейбiр принциптер ескiрiп

(табиғатқа сəйкестiк, партиялылық), кейбiреулерi жаңадан пайда болады (кiрiктiру, iзгiлендiру).

Кейбiр авторлар оқыту принциптерiнiң санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керiсiнше, кеңейтудi

ұсынып келедi. Заманауи принциптер оқу процесiнiң барлық құрамдас бөлiктерiне (логикасына,

мақсатына, мiндеттерiне, мазмұнын қалыптастыруға, түрлерi мен əдiстерiн таңдауға,

ынталандыруға, нəтижелердi жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.

Оқыту процесiнде кез келген мұғалiм дидактиканың принциптерiн басшылыққа ала отырып

оқытудың мазмұнын, амал-тəсiлдерiн жəне ұйымдастыру формаларын таңдап, шəкiрттерiн

жоғары нəтижелерге жеткiзуi шарт. Мұғалiм дидактикалық принциптердi дұрыс таңдаса, оқытуды

дұрыс ұйымдастырса сабақ тиiмдi жəне нəтижелi болары даусыз.

Дидактикалық принциптердiң қызметi: олардың негiзiнде оқушыларда оқытудың мақсатына

сəйкес берiлетiн бiлiм мазмұнын жүйелi, саналылықпен белсендi түрде меңгеруге деген

қызығушылықтар пайда болады. Дидактика принциптерi оқыту процесiнiң негiзгi буыны ретiнде

бiрiмен-бiрi логикалық өзара байланыста болады. Сонымен, ең негiзгi, ғасырлар

бойы педагогтар қауымы мойындаған дидактикалық принциптер жүйесi:

- ғылымилық,

- саналылық пен белсендiлiк,

- көрнекiлiк,

- жүйелiлiк пен бiрiздiлiк,

- берiктiлiк,

- тиiмдiлiк,

- теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы.

Осы принциптердi талдаудан алдын принциптер мен ережелер байланысына тоқталайық.

Педагогикалық ереже - жалпы принциптерге негiзделген белгiлi жағдайдағы белгiлi мақсаттағы

педагогтық қызметтiң бейнеленуi. Ережелер оқыту принциптерiн қолданудың тəжiрибелiк

жақтарын көрсетедi, теориядан тəжiрибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен,

принциптермен салыс-тырғанда ережелер мұғалiмге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты

шараларды пайдалану қажеттiлiгiн ұсынады.

Осы жерде айта кететiн жайт: ережелердi қатаң, мүлтiксiз орындау ұстаздың қолын байлап

қояды; ереже-лерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын төмендетедi. Сондықтан, əрбiр мұғалiм

дидактикалық ережелердi типтiк, стандарттық жағдайларда тиiмдi пайдаланса, күрделi педагогтық

жағдайларда дидактикалық принцип-терге сүйенiп шығармашылық танытса қойылған мақсатына

жетерi сөзсiз.

Ережелер принциптерге сүйенедi, принциптер ереже-лер арқылы жүзеге асады. Ережелер

педагогтық тəжiрибе-нiң қорытындысы ретiнде дидактика принциптерiн қолдану құралы болады.

Сонымен, педагогтар оқытудың принциптерiне сай қалыптасқан белгiлi ережелерге сүйенiп

мақсат-мiндеттерiн iске асырады.

Бiздiң оқулықта арнайы қарастырылмаған принцип-тер көп, мысалы, мұғалiмнiң басшылық

ролi; ынталан-дыру; проблемалық оқыту; дамыту, оқыту жəне тəрбиелеу бiрлiгi; iзгiлендiру; жас

жəне дара ерекшелiктерiн назарға алу; кiрiктiру принциптерi.

Ендi принциптер мен ережелердiң мəнiн ашу жолдарын қарастырайық.

Ғылымилық принципi

Оқытудың ғылымилық принципiне орай оқушыларға ғылыми бiлiмдер мен ғылыми əдiстердi

меңгерту керек. Бұл принциптiң астарында жатқан заңдылықтар: дүниенi танып бiлуге болады,

адам өмiрiнде ғылымның рөлi күннен күнге өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны жəне

мұғалiмнiң iс-əрекетi арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшiн

қызмет ететiнiн түсiндiре отырып, оқушыларда дүниеге диалек-тикалық, ғылыми-материалистiк

көзқарас қалыптастырады.

Аталмыш принциптi iске асыру үшiн педагог орындайтын негiзгi талаптар:

- Бiлiм мазмұнын педагогика, психология ғылым-дарының қазiргi даму дəрежесiне

сəйкестендiру, жаңа əдiс-темелер мен жаңашыл ұстаздардың тəжiрибесiн қолдану.

- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабiлетiн дамыту, бастауыш мектептiң өзiнде

тек индук-циялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгiзу.

-Шəкiрттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсiндiру, жүйелi түрде қайталау, пайдалану,

қолдану, iске асыру.

- Оқыту əдiстерi арқылы оқушыларды ғылыми əдiстермен таныстыру, оларды

iзденушiлiкке, шығармашы-лыққа баулу, зерттеу тəсiлдерiн пайдалану үшiн кiтаппен,

анықтамалармен жұмыс iстеуге ынталандыру.

- Əрбiр ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелi түрде қарапайым

ұғымдармен берiк түрде жеткiзу мұғалiмнiң негiзгi мiндетi.

- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыс-тарын көрсетiп оқушылардың бiлiм

деңгейiмен ұштастыру, жаңа пəн сөздердi қолдану.

- Белгiлi ғалымдардың өмiрбаянымен, олардың қосқан үлесiмен оқушыларды таныстыру.



Жүйелiлiк пен бiрiздiлiк принципi

Бұл принциптiң өзектi негiздерi: адам миында сыртқы дүниенi бейнелейтiн өзара

байланысты түсiнiктер жүйесi қалыптасқанда ғана, оның бiлiмi толық жəне шынайы болады;

оқылатын оқу материалын белгiлi реттiлiкпен оқушыларға жеткiзгенде, олардың санасында

ғылыми бiлiмдер жүйесi қамтамасыз етiледi; ғылыми бiлiмдер жүйесi оқу материалының iшкi

логикасына жəне əрбiр оқушының таным мүмкiндiктерiне бағынышты; оқушыларды логикалық

ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелi түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзiлiссiз, кедергiсiз

дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципiмен тығыз байланыста болғандықтан,

ғылыми бiлiмдер негiзiн оқушылардың жүйелi түрде жəне реттiлiкпен ұғынуы сабақтардың

мазмұнының негiзгi өзегi болуы тиiс.

Əрбiр мұғалiм сабаққа əзiрлену барысында не сабақ барысында жүйелiлiк пен бiрiздiлiк

принципiн жүзеге асыру үшiн келесi ережелердi назарға алады.

- Оқу мiндеттерiн оқушылар түсiнiп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелi қабылдауы

мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.

- Оқу мазмұны мен əдiстерiнiң жүйелiлiгiн сақтау, бастауыш пен орта, орта мен жоғары

сыныптардағы оқу мазмұны мен əдiстерiнiң бiрiздiлiгiн қамтамасыз ету.

- Оқу пəнi - ғылымның көшiрмесi болғандықтан оқушы-ларға ғылымның жүйесiн көрсетiп,

пəнаралық байланыс-тарды пайдалану.

- Бұрын ұғындырған бiлiмдi жиi қайталау жəне жетiлдiру; қысқа қорытындылауды сабақтың

басында, барысында жəне аяғында өткiзу.

- Тек тiл мұғалiмдерi емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда оқушылардың ой бiлдiру

əдiстерi мен түрлерiн бақылау; үнемi оларды өз қателерiн тауып, талдауға үйрету.

- Əрбiр тақырып, бөлiм, тарау, пəн аяқталғанда қорытын-дылау жəне жүйелеу сабақтарын өткiзу.

- Табиғатына байланысты, шəкiрттер бiрнеше сабақта меңгеретiн материалды бiр сабақта

''айлақорлықпен'' ұғындырмау.

- Оқушылардан əр тарау мен бүкiл бағдарлама бойынша бiлiм, дағды,бiлiк жүйесiн меңгеруiн

талап ету.

Сонымен, жоғарыда сөз болған принцип Я. А. Коменскийдiң ''бүгiнгi оқыту кешегiнi бекiтiп,

ертеңгiге жол салады'' өсиетiн нақтылай түседi.

Теория мен тəжiрибенiң байланыстылығы принципi

Бұл принцип философияның ''тəжiрибе - танымның iлкi бұлағы'' қағидасына негiзделген.

Оның түбiнде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен тиiмдiлiгiн тəжiрибе көрсетедi,

тексередi, анықтайды; тəжiрибе - ақиқаттың көрсеткiшi; тəрбие өмiрмен, тəжiрибемен тығыз

байланысты; теория мен тəжiрибе байланысы оқу мазмұнына, əдiстерiне, түрлерiне тəуелдi;

оқушыларды мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндiрiске тез

икемделедi.

Осыған орай мұғалiм орындайтын ережелердi атап өтейiк.

- Оқу - өмiр қажеттiлiгi екенiн оқушыға түсiндiру, сездiру.

- Үнемi теория мен тəжiрибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы ғылыми бiлiмдердiң

маңызын ашу.

- Оқытуда оқушылар жалаң теориялық бiлiм алып қана қоймай, сол алған бiлiмдерiн өмiрде

қолдана бiлуiн қамтамасыз ету.

- Шəкiрттерге өз бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануды үйрету.

- Оқушыға проблемалық, iзденiс, зерттеу тапсырмаларын орындатып теория мен тəжiрибе бiрлiгiн

дəлелдеу, өзiндiк жұмысты орындауға жəне өз бетiмен бiлiм алуды үйрету.

- Əр сабақта оқушыларға политехникалық бiлiм беру, туған жердiң шаруашылығына лайықты

мамандықтарға дайындау.

- Оқушының қоғамдық еңбегi тəлiм-тəрбие, оқу мақсаттарына сай болуы керек.

- Тəжiрибелiк сабақтардың көмегiмен оқушылар теория-лық қағидаларды, заңдар мен ережелердi

iс жүзiнде тексерiп, ғылыми бiлiмдердi меңгеруге мүмкiншiлiктерiн жасау.

- Оқушылардың тəжiрибелiк əрекеттерi тек мектеп, сынып шеңберiнде қалып қоймай, мектептен

тыс өмiрмен, еңбек-пен ұштасып отыруы шарт.

Саналылық пен белсендiлiк принципi

Бұл принципке негiз болатын заңдылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған сапалы да,

саналы бiлiм адам бiлiмiнiң шынайы өзегi болады; оқушылардың бiлiмдi саналы түрде меңгеруi

таным əрекетiнiң белсендiлiгi мен оқуға ынталануына, мұғалiм қолданатын əдiстерге тəуелдi,

ғылыми бiлiмдердi меңгеруде саналылық, əрi белсендiлiк танытқан оқушылар ғана оны терең

жəне ойларына берiк тоқулары сөзсiз.

Саналылық пен белсендiлiк принципiн жүзеге асыру үшiн мұғалiм оқыту процесiнде

төмендегi оқыту ережелерiн басшылыққа алады.

- Оқушы алдында тұрған мақсат пен мiндеттердi анық түсiнуi саналы оқытудың шарты боларын

назарға алу.

- Оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, олардың мəн-мағынасын терең түсiнуiн

қамтамасыз ету.

- Əр бiр сөздiң, сөйлемнiң, ұғымның мəнiн түсiндiру үшiн оқушылардың бiлiмi мен тəжiрибесiн

негiзге алу.

- Оқушылардың бiлiм алуға деген ынтасын, белсендiлiгiн арттыратындай тиiмдi əдiстердi үнемi

қолдану, бүгiнгi белсендi шəкiрт ертеңгi белсендi қоғам мүшесi екенiн ұмытпау.

- Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшiн əлi бейтаныс мағлуматтарды бұрыннан белгiлi

ақпаратпен ұштастыра бiлу.

- өз бетiмен оқуды үйрету, таным əрекетiнiң тиiмдi əдiстерiмен таныстыру.

- Бас жəне қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негiзгi ойларды алу.

- Оқушыларды ойлауға үйретiп, ''неге'' сұрағын жиi қоюға дағдыландыру.

- Əрбiр оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пəнiн игеретiн субъект ретiнде қалыптастыру.

- Оқушы бiлiмдерiн тəжiрибеде қолдануына көмектесу.

Көрнекiлiк принципi

Оқыту жүйесiнде Я. А. Коменский көрнекiлiк принципiн оқу материалын меңгеру құралы

ретiнде қарастырып, дидактиканың алтын ережесi деп атаған. Оқушылардың дүниетанымы

негiзiнен көрнекiлiк арқылы жүзеге асырылады: олар заттардың өзiн немесе бейнесiн, көлемiн

тiкелей көрiп, байқап таниды. Бұл принциптi соңғы ғылыми жетiстiктер де дəлелдедi. Мысалы,

көру органдары миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен

салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткiзедi екен. Көз арқылы алған мəлiметтердi адам жеңiл, тез,

берiк есте сақтайды.

Көрнекiлiк принципiн жүзеге асырып, оқушылардың бiлiм көлемiн тереңдету,

қызығушылығын арттырып жəне есте сақтау қабiлетiн шыңдау үшiн мұғалiм өз ойын оқушыларға

нақтылы жеткiзуi үшiн қолданатын ережелердi атап өтейiк.

- ''Алтын ереже'': көруге болатынды - көрсету, есiте алатынды - естiрту, сезiне алатынның бəрiн -

оқушылар-дың сезiм мүшелерiне сездiрту, түйсiк туғызу.

- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерiн, көлемiн, түр-түстерiн сөзбен

емес көру арқылы əрi жеңiл, əрi тез есте сақтайтынын қамтамасыз ету.

- Қолданылатын көрнекi құралдардың өмiрмен байланысын қамтамасыз ету.

- Оқушылар тiкелей түйсiну, көру, есту мүшелерi арқылы əртүрлi заттардың формасын, түсiн,

көлемiн, бейнесiн көрiп, дыбысын естуi негiзiнде оларда ой пайда болады.

- Көрнекiлiк - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту құралы ретiнде

пайдаланылады.

- Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемiн, түр-түсiн байқап, көзiмен көруге жəне əр түрлi

дыбысын естуге жағдай туғызу.

- Көрнекiлiк заттар мен құбылыстардың өзiн тiкелей көрсетуге мүмкiндiк болмаған жағдайда да

қолданылады.

- Көрнекiлiктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген ынтасын оятып, iзденiс

дағдыларын қалыптастырады.

- Көрнекiлiк бақылай бiлуге, салыстыру, қатар қоя бiлуге, абстракты ұғымдарды дамытып,

жетiлдiруге жол ашады. - Көрнекiлiктi оқытудың белгiлi мақсатына сай қолдану.

- Көрнекiлiк құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтiндей, кейiн бас жəне қосалқы

бөлшектерiн, соңында тағы бүтiндей көрсету керек.

- Көрнекiлiктi оқушылармен бiрiгiп жасау.

-Көрнекi құралдарын оқу пəндерiнде нақтылы өз орнында оқушылардың жас, таным

ерекшелiктерiн ескере отыра пайдалану.

- Көрнекiлiктердi қолдануда сан емес сапасына көңiл аудару.



Берiктiк принципi

Оқытудың тиiмдiлiгiн, сапасын жақсарту үшiн оқушылардың бiлiмдерiнiң берiк болуы

даусыз. Бұл принцип көптеген тəжiрибелiк жəне теориялық заңдылықтарға сүйенедi:

оқушылардың бiлiм мазмұнын меңгеруi мен танымдық дамуы, оқу процесiнiң өзара байланысты

екi жағы; бiлiм берiктiгi оқушының мұғалiмге, оқу пəнiне, жалпы оқуға деген субъективтi

қатынасына тəуелдi; оқушылардың бiлiм берiктiгi оқытудың ұйымдастырылуы, түрi, əдiстерi,

уақыты арқылы қамтамасыз етiледi; қызықты жəне маңызды материал ұзақ əрi берiк есте

сақталады.

Осы принциптi iске асыру үшiн мұғалiм бiрнеше ережелердi орындауы қажет.

- Оқушылар бiлiмдерiн сабақтар барысында; тақырып, тарауды оқыту аяқталған жағдайда; тоқсан

мен оқу жылының басында, соңында қайталауды үнемi ұйымдастыру.

- Қазiргi мектеп жаттаудан ойлауға көшуiне байланысты оқушылардың жадын зорламай, бiлiмдi

санасы мен сезiмдерiмен қабылдауды үйрету.

- Жақсы түсiнбегендi оқушының есiнде сақтауына жол бермей, тек саналы бiлiмдi жадында

сақтату.

- Басты, негiзгi идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшiн оқушыларды

анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс iстеуге машықтандыру.

- Оқыту жүйесiнде түрлi (ауызша, жазбаша, лабора-ториялық-практикалық жұмыстары) жаттығу

жұмыстарын ұйымдастыру.

- Оқуға, бiлiмге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалiмнiң өзiне сенiмi болса, оқушылардың оқу-

таным əрекетi ерiктi, қуанышты болып, бiлiмдерi ұзақ уақытқа дейiн сақталады. - Бiлiмнiң

берiктiлiгiне кедергi жасайтын сабаққа кешiгу, келмеу, сабақ кезiнде бос не басқа нəрселермен

шұғыл-данып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.

- Логикалық түрде берiлген, алынған, қайталанған бiлiмдер мен бiлiктер байланыссыз ақпаратпен

салыстырғанда берiк екенiн ұмытпау.

- Оқушылардың ерiктi жəне ерiксiз зейiнiн тиiмдi пайдалану: тiкелей ұсыныстың орнына қызықты

тапсырма, тəртiпке шақыру орнына мысал, мақал-мəтелдердi қолдану.

- Оқушылардың алған бiлiмдерiнiң берiктiлiгiн нығайту-дың əр түрлi əдiс-тəсiлдерiн (сезiмге толы

əңгiме, заманауи көрнекiлiктер, техникалық құралдар, оқу ойындары, пiкiр таластар) iске асыру.

- Жаттығуларды орындаған кезiнде оқушылар шаршауының алдын-алу.

- Жаңа оқу материалын ескi, таныс ақпаратпен байланыстыру.

- Оқушыларды өз бiлiмiн алу мен тексеруге бейiмдеу.

Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар бiлiмiнiң ұзақ уақыт бойы есте

сақталуын, сол бiлiмдi өз өмiрiнде пайдалануын қамтамасыз ету.



Сəйкестiк принципi

Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагог-тық тəжiрибеге негiзделiп, оқушыларға

жеке-дара қарауды талап етедi.

Демек бұл оқушының бойында бар бiлiм, бiлiк, дағдылар деңгейiне сай жаңа ақпаратты

ғана меңгере алады. Сəйкестiк принципiн дəлелдейтiн заңдылықтар: оқыту жас жəне дара

ерекшелiктерге, оқу процесiнiң ұйымдастырылуы мен əдiстерiне тəуелдi; ақыл-ой дамуы мен

алғашқы бiлiмдерi жетiк оқушы жаңа материалды тез меңгередi, оқудағы қиыншылықтарды жою

баланың мiнез-құлқына, қабiлеттерiнiң қалыптасуына, бiлiмiнiң сапасы мен нəтижелiлiгiне

оң /дұрыс/ ықпал етедi.

Сəйкестiк принципiн жүзеге асыру үшiн орындалатын ережелер:

- Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңiлден күрделiге көшiп оқыту.

- Бiлiм беруде оқушы əрқашан дара, өзiнше ерекше екенiн ұмытпау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет