Медицина және фармацевтика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары


«Кәсіптік патология (еңбек медицинасы)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары



бет13/50
Дата05.02.2022
өлшемі1,2 Mb.
#130804
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50
Байланысты:
±9@K››0 › AK H0
Боранбаева Акмарал 039ТФП
14. «Кәсіптік патология (еңбек медицинасы)» мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары

50. Қосымша медициналық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдыңғы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім.


54. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойыншаинтернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде – 864 сағат/16 апта;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
55. «Кәсіптік патология (еңбек медицинасы)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Кәсіптік ауруларды диагностикалау мен емдеудің инновациялық технологиялары»
«Кәсіптік ауруларды диагностикалау, емдеу, оңалту және алдын алудың өзекті мәселелері»
«Еңбек гигиенасы мәселелері»
«Кәсіптік патологиядағы дәлелді медицина мәселелері»
«Кәсіптік патологиясы бар науқастардың еңбектік сараптама мәселелері»
«Кәсіптік патологиядағы аспаптық және зертханалық диагностика әдістері»


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   50




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет