«Оториноларингология (сурдология) (ересектер, балалар) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары
41. «Оториноларингология (сурдология) (ересектер, балалар) мамандығы бойынша медицина кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлаудың үлгілік бағдарламалары 134. Қосымша медициналық және фармацевтикалық білім беру бағдарламаларын меңгеруге ынталы тұлғалар үшін қажетті алдығңы білім деңгейі – «Емдеу ісі», «Педиатрия», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша жоғары медициналық білім, хирургиялық бейін интернатура.
135. Оқыту ұзақтығы:
1) «Емдеу ісі», «Шығыс медицинасы», «Жалпы медицина» мамандықтары бойынша интернатура және жоғары медициналық білімі бар мамандар үшін қайта даярлау циклдерінде 1080 сағат/20 апта; ересектер оториноларингологиясы бойынша қайта даярлау курсы кезінде – 432 сағат/8 апта балалар бейіні бойынша; балалар оториноларингологиясы бойынша қайта даярлау курсы кезінде – 432 сағат/8 апта ересектер бейіні бойынша; оториноларингологиясы бойынша қайта даярлау курсы кезінде – 432 сағат/8 апта аудиология және сурдология бейіні бойынша;
2) біліктілікті арттыру циклдерінде – 54/1-ден 216/4 сағат/аптаға дейін, оның ішінде сертификаттау циклдерінде – 108 сағат/2 апта;
3) Оқу аптасының ұзақтығы 54 сағатты құрайды, оның ішінде 36 – аудиториялық (академиялық) сағат, 18 сағат – тыңдаушының өзіндік оқуы (өздік жұмысы). 1 академиялық сағаттың ұзақтығы 50 минутты құрайды.
136. «Оториноларингология (сурдология) (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілік арттыру мен қайта даярлау циклдерінде таңдау компоненттерінің ұсынылып отырған тақырыптары (бағыттары) мыналар:
«Оториноларингологиядағы инновациялық технологиялар»;
«Балалар оториноларингологиясындағы инновациялық технологиялар»;
«Функциялық эндоскопиялық риносинусохирургия»;
«Құлақ микрохирургиясы»;
«Кеңірдек дерттерінің эндоскопиялық диагностикасы мен емі»;
«Фониатрия негіздері»;
«Оториноларингологиядағы амбулаторлық хирургия»;
«Балалардың жоғары тыныс алу жолдарының және құлақ дерттерінің микроэндоскопиялық диагностикасы мен емі».
«Мұрын қуысының, мұрын маңы қуыстарының және жұтқыншақ дерттерінің диагностикасындағы эндоскопия»;
«Жоғары тыныс алу жолдарының және құлақтың туа пайда болған және тұқым қуалайтын ақаулары»;
«Нейросенсорлық кереңділік пен кереңділіктің қазіргі заманға сай диагностикасы мен емдеу қағидаттары»;
«Жоғары тыныс алу жолдарының және құлақтың түзілістерінің эндоскопиялық диагностикасы»;
«Есту анализаторын зерттеу әдістері»;
«БМСК жағдайында ересектерге және балаларға сурдологиялық көмекті көрсету»;
«Аудиология және сурдология»;
«Сурдологиялық науқастардың реабилитациясы: есту мүшелеріне протез салу, кохлеарды имплантация»;
«ЛОР мүшелерінің кәсіби патологиялары».