Ақау деп күтуге болатын мәннен ауытқыған және дұрыс есептелмеген, есептеуде қате кеткен және өлшеу барысында зерттеуші жіберген қателіктерді айтады.
Жүйелік деп бір шаманы қайта-қайта өлшегенде тұрақты немесе бірқалыпты өзгеріп тұратын қателіктерді айтады. Осындай қателіктер іске жарамсыз құралдар, зерттеу әдістерінің нақты болмауы, экспериментатор жіберген қателіктер, т.б. салдарынан пайда болады.
Кездейсоқ деп бір-біріне тәуелсіз бірнеше факторлардың бақылауға келмейтін (қоршаған ортадағы температураның өзгеріп тұруы, атмосфералық қысым және т.б.) іс-әрекет нәтижесінде пайда болатын қателікті айтады. Кездейсоқ қателіктер бірнеше өлшеулердің нәтижесін арнайы өңдеу арқылы ескеріледі.
Өлшеулер саны неғұрлым көп болса, соғұрлым сенімділік интервалы мен абсолютті қателік аз болады. Өлшеулер санының , сенімділік интервалы мен абсолютті қателікке тигізетін әсері Стьюдент коэффициенті бойынша анықталады (11.1-кесте).
Стьюдент коэффициенттері
10.1 кесте
n
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
t(n)
|
12,7
|
4,3
|
3,18
|
2,78
|
2,57
|
2,45
|
2,36
|
2,31
|
2,26
|
Өлшеулер нәтижесін өңдеу барысында жасалынатын іс-әрекеттердің реті.
Достарыңызбен бөлісу: |