85
кейіннен іске асыру кезінде конструктор ескеруі тиіс материалдың бір
бөлігін ғана құрайды. Сондықтан мехатрондық
модульді құрастыру
басталғанға дейін конструктор тапсырманың бастапқы талаптарын айна-
ласы бар мехатрондық модульдің өзара әсерлерін дербес талдау негізінде,
сондай-ақ өндірістік, технологиялық және экономикалық сипаттағы
пайымдауларға сүйене отырып, жаңа талаптармен толықтыруы тиіс.
Техникалық талаптардың толықтырылған
тізбесі конструкторға дайын
мехатронды модульдің нақты жағдайларда жұмыс істеу процесі туралы
жан-жақты және жеткілікті нақты түсінік беруі тиіс [2].
Достарыңызбен бөлісу: