«мейіргер ісі негіздері» ПӘні бойынша мейіргерлік технологиялар стандарттарының жинағЫ



бет18/155
Дата08.12.2022
өлшемі0,49 Mb.
#161884
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   155
Байланысты:
Кәсіби стандарт МІ-1
БЖБ 1 9 сынып Информатика, Күйістілер М,Т.А, 25 билет
АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТЫ ДАЯРЛАУ


Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын, залалсыздандырылған пинцетті, лотокты.
Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алып, лотокқа салыңыз.

  2. перманганат калий бар пакетті ашыңыз және дистилденген суы бар ампуланы даярлаңыз.

  3. Езуге арналған ыдысқа 50 г перманганат калийді салып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз, 0,05% перманганат калий ерітіндісі болады.

  4. Ыдысты тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.



МҰРЫН ҚУЫСЫ СІЛЕМЕЙЛІ ҚАБЫҒЫН ТАЗАРТУ ҮШІН,
АСПАДАҒЫ АНТИСЕПТИКАЛЫҚ ЗАТТЫ ДАЙЫНДАУ


Дайындаңыз: апаттық дәрі қобдишасын:аспадағы антисептикалық затты (флакондағы -0,1 г протарголды, 10 мл - дистилденген суды), залалсыздандырылған 2 лотокты, пинцетті, антисептикалық затты езуге арналған ыдысты.


Іс-әрекет алгоритмі:



  1. Дәрі қобдишасынан крафт-пакетін тамызғышпен және таңғыш материалмен, антисептикалық затты езуге арналған залалсыздандырылған ыдысты алыңыз, лотокқа салыңыз.

  2. Протарголы бар флакончикті ашыңыз.

  3. 0,1 г протарголы бар ыдысты (флакончикті) алып, үстінен 10 мл дистилденген суды құйыңыз немесе антисептикалық затты езуге залалсыздандырылған ыдысты қолданыңыз.

  4. Ыдысты (флаконды) тығынмен жауып, антисептикалық зат толық ерігенге дейін шайқаңыз.



Ескерту: аспадағы марганец қышқылы калийді қолданғанда 50 мг марганец қышқылы калий және 10 мл дистилденген суды алу қажет.

Ш. Қабылдау бөлімшесі. Ауруханаға науқасты
қабылдау


Науқастың дене салмағын өлшеу
Мақсаты: диагностикалық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет