ПӘННІҢ ОҚЫТЫЛУЫ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
1. Пәнді оқытуды жоспарлау және уақытты бөлінісін ұйымдастыру үшін кеңестер
Пәннің оқу-тақырыптық жоспарын даярлау оқу үдерісін ұйымдастыру қызметінің маңызды бөлігі бөліп табылады. Себебі оқу-тақырыптық жоспарлау курсты оқытуға бекітілген тақырыптар тізбесі ғана емес, сонымен қатар оны оқытуға кететін уақыт мерзімдерін жоспарлау болып табылады. Дұрыс жоспарланған уақыт білім алушының өз бетімен оқып-меңгеруі үшін өте маңызды болып табылады. (ол мамандыққа байланысты аптасына 2–3 сағаттан 5 сағатқа дейін болуы мүмкін).
Пәнді оқып үйрену барысында, студентке қажетті:
бағдарламамен, ұсынылған әдебиеттер тізімін қарап танысуы керек. Пәнді оқып-меңгеру барысында студент пән бағдарламасына қайта-қайта орала отырып берілген тақырыптарды қаншалықты меңгергенін біле алады;
куртың құрылымын, яғни дәрістік, тәжірибелік сбақтар түрлері бойынша, бақылау формаларымен таныса отырып, курс туралы толық мағлұмат алады;
берілген тапсырмаларды орындау үшін, пән бойынша тапсырмаларды орындауға берілген әдістемелік нұсқаулықты қарауы тиіс;
дәрістік дәптеріне (жеке бетіне) пәннің оқу жоспарын көшіріп және оны бас бетінің ішкі жағына тігіп қоюы, ал тәжірибелік сабақтарының жоспарын тәжірибелік дәптерінің бірінші бетіне тігіп қоюы керек.
Студент сабаққа дайындық барысында оқу бағдарламасы мен әр тақырыпқа бекітілген оқу сағаттарын басшылыққа алады.
Пәннің оқу жұмыс бағдарламасында сағаттар көлемі әр түрлі көлемде жоспарланғанмен, пәннің мемлекеттік білім беру стандартында бектілген мазмұнды меңгеруі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |