Ағымдық бақылау дәрістік, тәжірибелік сабақтардан өзіндік тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша, бекітілген мерзімдерде, бақылау жұмысы, тест, презентациялар түріндегі жұмыстарды бағалау түрінде қойылады (2-кестені қараңыз).
Аралық бақылау дәрістік және тәжірибелік сабақтардың мазмұны бойынша өз бетінше дайындалу арқылы –аралық бақылау түрінде жүргізіледі:
1 модуль бойынша 8 аптада,
1 модуль бойынша 15 аптада.
Аралық бақылауларды қайта тапсыруға болмайды.
Қорытынды бақылау- емтихан, сессия мерзімінде ДК автоматтандырылған тест түрінде немесе университет ғылыми кеңесімен бекітуімен кейбір пәндер ауызша тапсырады. Емтихан емтиханда жинаған баллдың 40% үлесін құрайды. Емтихан нәтижесін жоғары баға алу үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Ескерту. Қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда сессия аяғына дейін ликвидация аптасында қайта тапсыра алады. Екінші рет қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда студенттің өтініші бойынша комиссияға немесе жазғы семестрде пәнді қайта оқиды.