Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы



бет8/9
Дата07.02.2022
өлшемі60,41 Kb.
#90012
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КР Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы N 77 Қаулысы

лауазымдарының тізбесі
1. Педагог қызметкерлердің лауазымы

Ескерту. 1-бөлімге өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2013 № 1487(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).


Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтар мұғалімдері;


Жалпы білім беретін, жоғары техникалық мектептің, гимназияның, колледждің, училищенің, мектеп-балабақша кешенінің, арнайы түзету ұйымдары мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардың директоры (басшысы, меңгерушісі);


Балалар үйі, сәбилер үйі, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, балалар үйі-интернаты, балалар мен жас өспірімдерге арналған әлеуметтік панахана, кәмелетке толмаған балаларға арналған әлеуметтік-оңалту орталығының директоры (меңгерушісі);


Басшы қызметкерлер мен мамандар біліктілігін көтеретін және қайта даярлайтын институттың директоры;


Училище (мектеп, мектеп-интернат) директоры (бастығы);


Жоғары (әскери) оқу орнының ректоры (бастығы);


Мектепке дейінгі ұйымның меңгерушісі;


Шығармашылық шеберхананың жетекшісі (білім беру ұйымдарында);


Дене тәрбиесінің жетекшісі (білім беру ұйымдарында);


Алғашқы әскери даярлық жетекшісі, оқытушы-ұйымдастырушысы (оқу орнындағы әскери жетекші);


Жоғары (әскери) оқу орнының оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыс, тәрбие, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры (бастықтың орынбасары);


Жоғары оқу орнының кафедра меңгерушісі, әскери кафедра бастығы;


Жалпы білім беретін мектептердің, мектеп-интернаттардың және басқа да бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдарындағы директордың (басшының) ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмысы, ақпараттық технологиялар, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;


Басшы қызметкерлер мен мамандар біліктілігін көтеретін және қайта даярлайтын институт директорының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі орынбасары;


Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарының бөлім меңгерушісі;


Оқытушылық қызметпен тікелей айналысатын профессор, доцент;


Әлеуметтік педагог;


Педагог-ұйымдастырушы;


Қосымша білім педагогы;


Тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (оқу орындарындағы тілдері мүкіс балалармен жұмыс істейтін мұғалім);


Педагог-психолог;


Кеміс балалармен жұмыс істейтін мұғалім (дефектолог);


Аға оқытушы, оқытушы;


Аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында);


Оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорт жөніндегі жаттықтырушы-оқытушы, спорт жөніндегі аға жаттықтырушы-оқытушы;


Балалардың мектепке дейінгі ұйымының музыкалық жетекшісі;


Оқу орнының, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымының аға тәлімгері;


Оқу-тәрбие оқу-өндірістік қызметімен тікелей айналысатын дене тәрбиесінің нұсқаушысы;


Спорт мектебінің нұсқаушысы, нұсқаушы-әдіскері;


Білім беру ұйымдары филиалының (мектептен тыс ұйымдардан басқа) директоры (меңгерушісі);


Білім беру ұйымдары филиалының ғылыми, оқу, оқу-әдістемелік, оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі директорының (меңгерушісінің) орынбасары.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет