«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 4 « »
Күні
Оқушының аты – жөні ________________________________________________________
ІІ нұсқа
1 – тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
Ғарышты бағындырған қазақтың үш алыбы
Қазақ ел болғалы үш батырын аспан көгіне ұшырды.
Олар – Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов. Адамзат ғарыш кеңістігін бағындырғаннан соң 30 жылдан кейін, яғни, 1991 жылы ғарышқа қазақ баласы көтерілді. Бұл – халық қаһарманы, Кеңес одағының батыры Тоқтар Әубәкіров еді. Бұдан кейін де қазақтың қайсар ұлдарына ғарышты бағындыру бұйырды. Ашық ғарышқа 8 рет шыққан келесі қазақ баласы – Талғат Мұсабаев. Ол – ғарышкер, техника ғылымдарының докторы, авиация генерал-лейтенанты. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында ғарышқа ұшуға тағы бір қазақ баласының жолы түсті. Адамзат ғарышты бағындырған 1961 жылдан 11 жыл кейін дүниеге келген Айдын Айымбетов – Қазақстан ғарышкері, Халық қаһарманы.
Осылайша, қазақ даласында бой көтерген дүниежүзіндегі ең көлемді ғарыш айлағы – Байқоңырдан бүгінге дейін қазақтың үш азаматы ғарыш кеңістігіне сәтті сапар жасап қайтты. Бұл – біздің елдің, халықтың, ұлттың жетістігі.
а) Сұрақтарға жауап жаз.
1) Ғарышқа сегіз рет ұшқан қазақ ғарышкері кім? ______________________________________________________________________________
2)Қай ғарышкер Халық қаһарманы атағын алды ? _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
b) Тыңдалған мәтінді І жақта жағдаяттар және оқиғалар қосып, өрбітіп, әңгімеле.
_______________________________________________________________________________________
______________________________________________________________________________________
2 – тапсырма Мәтін мазмұнынан қазақ ғарышкерлері туралы сәйкес ақпараттарды жаз.
Бағалау критерийі
|
Тапсырма
|
Дескриптор
|
Балл
|
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап жазады.
|
1
|
бірінші сұраққа жауап жазады
|
1
|
екінші сұраққа жауап жазады
|
1
|
Тыңдалған мәтінді І жақта жағдаяттар және оқиғалар қосып, өрбітіп, әңгімелейді
|
берілген оқиғамен байланыстыра отырып, мәтінді жүйелі жалғастырады
|
1
|
оқиғаны І жақта баяндайды;
|
1
|
ойын жүйелі, еркін жеткізеді;
|
1
|
сөздер мен сөйлемдердің мағыналық байланысын сақтайды;
|
1
|
сөйлеу барысында грамматикалық нормаларды сақтайды
|
1
|
Мәтін мазмұнынан қазақ ғарышкерлері туралы сәйкес ақпараттарды жазады
|
2
|
бірінші суретке сәйкес ақпаратты жазады
|
1
|
екінші суретке сәйкес ақпаратты жазады
|
1
|
үшінші суретке сәйкес ақпаратты жазады
|
1
|
Барлығы
|
10
|
4.1.3.1 шығарманың тақырыбы және қорытынды бөлімі негізінде сюжеттің дамуын болжау, оның себебін түсіндіру
4.1.2.1* шығармамазмұнынтүрлібаяндаутәсілдерін (І немесе ІІІ жаққаөзгертіп, жағдаяттарқосып, оқиғалардыөрбітіп) қолданып, шығарманықысқаша, толық, ішінарамазмұндау
4.2.9.1 түрлі дереккөздерден қажетті ақпаратты табу, өңдеу және тұжырым жасау, себеп-салдарлық байланысын сызба түрінде көрсету
Жауабы
«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Пәні Әдебиеттік оқу
Сыныбы 4 «»
Күні ____________
Оқушының аты – жөні ________________________________________________________
І нұсқа
1 – тапсырма Мәтінді мұқият тыңда. Тапсырмаларды орында.
а) Сұрақтарға жауап жаз.
1) Кішкентай күшік нені байқады? Алыстан әлдебір космос кемесі көрінді.Айырым белгісі жоқ.бейтаныс.
2) Гүл-Жауһар ғарыш кемесінің бейтаныс және апатты жағдайда екенін қалай анықтады?
Достарыңызбен бөлісу: |