Неке қияр. Неке, талақ, қамшыға қоланда боп, Жоқ қылып шариғаттың соқпақ ізін (М-Ж., 30). Неке а. [نكاه некаһ: 1. брак; 2. совокупление] 1. бракосочетание, брак, семейный союз мужчины и женщины (Рүстемов, 217). Бұл дәстүрде де көне архаикалық белгілер сақталған. Мысалы, кейбір жерде ыдыстың жанына садақтың оғы сияқты ағашты байлап қояды. Жебе жыннан, шайтаннан т.б. қияпат күштен сақтап қалушы деп ұққан. Орта Азияда кеңінен мәлім болған. Неке қияр жастардың үйленуін заңды түрде бекітетін мұсылмандық таза дәстүр. Неке – алт. نيكا гнаться за кмъ, слдовать, преслдовать, гнать, взыскивать (въ монг. некеку) деген сөз екен (Будагов, 1871: 299). Тур. никеболи, никополисъ, соб. имя. Города въ Болгаріи (1871: 298). Қазір ескі дәстүр қайтадан жаңғырып, үйленген жастар мешітке барып, некелерін қидырып, неке суын ішіп қайтады. Неке қияр екі жасты жақындастырса, талақ керісінше ажыратады. Талақ діни жолмен жасалатын ажырасу.
Достарыңызбен бөлісу: |