Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



Pdf көрінісі
бет239/320
Дата14.12.2021
өлшемі2,11 Mb.
#127389
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   320
Байланысты:
2. daris mikro-makro

1)  құрылымдық  тапшылық
  –  толық  жұмысбастылық  пен  нақты  жұмысбастылық 
кезіндегі  бюджет  тапшылықтарының  арасындағы  айырмашылық,  яғни  ол  толық 
жұмысбастылық  пен  нақты  салық  салу  жағдайындағы  мемлекеттік  бюджеттің  кірістері  мен 
шығыстары арасындағы айырмашылық ретінде анықталады. 
2)  циклдік  тапшылық
  –  нақты  бюджет  тапшылығы  мен  құрылымдық  бюджет 
тапшылығы арасында айырмашылық ретіндегі бюджет тапшылығы. 
Мемлекеттің алдында бюджет тапшылығын жабу мәселесі тұрады. Бюджет тапшылығын 
қаржыландырудың  бірнеше  әдістері  бар.  Солардың  ішінде  ең  негізгілері  болып  мыналар 
табылады:   
 ақша эмиссиясы;   
 Орталық банктен қарыз алу;  
•  жеке сектордан және сыртқы көздерден қарыз алу.  
Бюджет тапшылықтарының ел экономикасына әсер етуі көбінесе, сол елдің тапшылықты 
жоюда таңдап алған әдісімен анықталады. 
Ақша  басып  шығару  бюджет  тапшылығы  мәселесін  шешудің  ең  қарапайым  және 
жылдам  жүргізілетін  әдісі  болып  табылады.  Көптеген  елдер  соғыс  уақытында  және  ұзаққа 
созылған дағдарыстар  кезеңдерінде осындай әдісті кеңінен қолданды. Алайда, бұл  саясатттың 
арты  экономика  үшін  жағымсыз  салдарлармен  ұласатын  болды:  бақылауға  көнбейтін 
инфляцияның  қаупі  туындайды  және  соған  байланысты  ұзақ  мерзімдік  инвестициялар  үшін 
ынта  бірден  жоғалады,  халықтың  және  кәсіпорындардың  ақшалай  жинақтары  құнсызданады, 
ұлттық валютаның бағамы төмендейді.  
Орталық  банктен  қарыз  алу  әдісі  де  ақша  массасының  инфляциялық    ісінуін 
туындататын  шара  болып  табылады.  Қазіргі  уақытта,  көптеген  елдердің  эмиссиялық  банкі 
атқарушы  және  заң  шығарушы  билік  органдарынан  конституциялық  жағынан  бекітілген 
тәуелсіздікке  ие  болып  табылады,  сол  арқылы  үкіметтің  баспа  құралын  қолдану  арқылы  өз 
мәселелерін шешуіне мүмкіндік бермейді.  
Жеке  сектордан  және  сыртқы  көздерден  қарыз  алу  құралдары  –  бюджет  тапшылығын 
жоюдың  үшінші  әдісі  ретінде  аса  сенімді  әдіс  болып  табылады.  Олар  мемлекеттік  бағалы 
қағаздарды  сату,  бюджеттен  тыс  қорлардан  қарыз  алу  және  банктерден  несие  алу  түрінде 
жүзеге  асырылады.  Мұндай  әдісті  қолдану  кезінде  «ығыстыру  әсері»  деген  ерекше  құбылыс 
пайда  болады:  жеке  сектордың  ақшаларын  алудың  салдарынан  сол  қаржылардың  инвестиция 
ретіндегі  пайдаланылу  мүмкіндіктері  азайып,  жеке  секторды  экономикадан  ығыстыру  әсері 
орын  алады.  Соңғы  нәтижесінде  бұл  әдіс  инфляциялық  үрдістердің  дамуын  болдырып, 
экономикадағы инвестицияларды қысқартады, тауарлардың өндірісі шектеледі. 
Мемлекеттік  қарыздың  пайда  болу  себептері  ең  алдымен,  экономика  үшін  қиын 
кезеңдермен  байланысты:  соғыстық  іс-әрекеттер,  терең  және  ұзақ  мерзімдік  экономикалық 
дағдарыстар, осы уақытқа дейін жинақталған бюджет тапшылықтарының көлемі. Мемлекеттік 
қарыздың  ұлғаюының  негізгі  жағымсыз  салдарлары  болып  мемлекеттің  қарыз  бойынша 
төлемдерінің өсуі, ел ішіндегі тұтыну мен жинақтардың қысқаруы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   235   236   237   238   239   240   241   242   ...   320




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет