Методическое руководство по обучению правам ребенка с использованием сюжетов и персонажей детских книг и анимационных фильмов


жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды



бет15/55
Дата05.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#19760
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55
2002 жылы 8 тамызда «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Осы Заң баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдік берілген құқықтары мен мүдделерін іске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейді. Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру қағидаттарына негізделген.
«Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы бойынша мақсатты тәрбие жұмысын өткізу үшін баптардың мазмұнымен танысқан кезде құжатты тұтастай ұсыну және басты назарды баланың негізгі құқықтары мен міндеттері ашылатын Заңның 3-тарауына аударған маңызды.
Төменде «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының құрылымы берілген, оған 53-бап кіреді, ондағы 3 және 4 тараулар баланың негізгі құқықтары мен міндеттерін ашады (2-қосымшаны қараңыз):

1-тарау. Жалпы ережелер
2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
3-тарау. Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері
4-тарау. Бала және отбасы
5-тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары
6-тарау. Мүгедек баланың құқықтары
7-тарау. Бала және қоғам
8-тарау. Баланың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау
9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етудін ерекшеліктері
10-тарау. Қорытынды ережелер

(1-5-баптар)
(6-7-баптар)
(8-20-баптар)
(21-26-баптар)
(27-30-баптар)


(31-33-баптар)
(34-41-баптар)
(42-47-баптар)
(48-49-баптар)
(50-53-баптар)

Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заңның «Баланың негізгі құқықтары мен міндеттері» 3-тарауында баланың денсаулық сақтауға құқығы (8-бап), баланың даралық ерекшелiкке және оны сақтауға құқығы (9-бап), баланың өмiр сүруге, жеке басының бостандығына, қадiр-қасиетiне және жеке өмiрiне қол сұғылмауға құқығы (10-бап), баланың сөз және ар-ождан бостандығына, ақпаратқа, қоғамдық өмiрге араласуға құқығы (11-бап), баланың қажеттi тұрмыс деңгейiне құқығы (12-бап), баланың мүлiктiк құқықтары (13-бап), баланың тұрғын үйге құқығы (14-бап), баланың бiлiм алуға құқығы (15-бап), баланың еңбек бостандығына құқығы (16-бап), баланың мемлекеттiк көмекке құқығы (17-бап), баланың дем алуға және бос уақытын пайдалануға құқығы (19-бап) қаралады. Әрбір бала басқа адамдардың құқықтарын, бостандығын, ар-ожданы мен қадiр-қасиетiн, Республиканың мемлекеттiк нышандарын құрметтеуге, еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға, тарихи және мәдени мұралардың сақталуына қам-қарекет жасауға, тарих және мәдениет ескерткiштерiн сақтауға, табиғатты сақтауға және табиғи байлықтарға ұқыпты қарауға (20-бап) мiндеттi.
Заңның «Бала және отбасы» 4-тарауында баланың отбасында өмiр сүру және тәрбиелену құқығы (21-бап), баланың отбасындағы құқықтары (22-бап), жан-жақты дамуына жағымды жағдайлар (24-бап), баланың өзiнен бөлек тұратын ата-анасымен қарым-қатынас жасау құқығы (26-бап) қарастырылады.
«Бала және қоғам» 7-тарауда баланы әлеуметтiк ортаның терiс ықпалынан қорғауға (36-бап), баланы алкогольдi өнiмдер мен темекi бұйымдарының зиянды әсерiнен қорғауға (37-бап), баланы есiрткi, психотроптық, күштi әсер ететiн немесе улы заттардан қорғауға (38-бап) басты назар бөлінеді, баланы жезөкшелiк пен порнографиядан қорғау (40-бап), баланы соғыс қимылдарына қатыстыруға тыйым салу (41-бап) туралы айтылады.
Жетекші педагогикалық тәжірибе көрсеткеніндей, балаларды Бала құқықтары туралы конвенция және Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Заң негізінде бала құқықтарына оқыту жұмыс барысында ойын әдістемелері қолданылған жағдайда тиімді болады. Мысал ретінде «Кемемен жаңа жерге сапар шегу» және «Бүгін не болған өзі» атты екі ойын түрін келтіреміз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет