Мүгедектігі бар балалардың қоғам өміріне
толықтай қатысуы үшін жағдайын дұрысырақ
түсіну және олар кездесетін кедергілерді анықтау
мақсатында үш өңір мен екі қалада – Астана
қ., Алматы қ., Қарағанды, Қызылорда және
Шығыс Қазақстан облыстарында түрлі мүдделі
тараптармен фокус топтарда терең сұхбаттар
мен талқылаулар жүргізілді. Фокус топтардағы
терең сұхбаттар мен талқылаулар арқылы
жинақталған ақпарат мүгедек балалардың
әлеуметтік интеграциялануы мен тең құқылығы
саласындағы кедергілер мен жетістіктер ту-
ралы ақпараттың алғашқы дереккөздерден
алынуын қамтамасыз етеді. Түрлі мүдделі
тараптар алуан түрлі идеяларын бөліседі:
балалардың өздері жұмыс жасап жатқан
жүйенің кемшіліктері туралы өз ауыздарымен
айтады, дені сау балалардың ата-аналары өз
балаларының білім алуына алаңдаушылық та-
ныта отырып, инклюзивті білім беруді қолдауға
қатысты өздерінің күмәні бар екенін ашып
көрсетеді, ал саясаткерлер елеулі реформалар
жүргізуді талап ететін ережелерді іске асыруға
кедергі келтіретін нақты шектеулер туралы
ой бөліседі. Мүдделі тараптардың алуан түрлі
тобы мүгедектігі бар балалардың құқықтарын
жүйелі түрде жоққа шығаруға әкеп соғуы
мүмкін жағдайлар мен құрылымдарды анықтау
арқылы түрлі салалардағы әлеуметтік интегра-
ция мен теңдікке қалай ықпал етуге болатыны-
на алуан түрлі керемет көзқарастардың болу-
ын қамтамасыз етеді. Бұл тарау бала өмірінің
«толық және лайықты өмірді» қамтамасыз ету
үшін қажет болатын негізгі «салаларына», атап
айтқанда, білім алу, денсаулық сақтау, қоғам
өміріне қатысу, өмір сүру және әлеуметтік
қорғаудың лайықты деңгейі және заңнамалық-
нормативтік орта секілді мәселелерге назар
аудару арқылы пікірталастар нәтижесінде
алынған түйіндерді қысқаша баяндайды.
Достарыңызбен бөлісу: