таратады.
Егер ірің қоймалжың болса,
алдымен оны стерильді
физиологиялық ерітіндімен сұйылтып себеді. Стафилококкалар қоректік
орталарды таңдамайды, ЕПА және ЕПС-да жақсы өседі. Қолайлы өсіп-
өну температурасы 35-37ºС. Олар аэробты
және факультативті ан-
аэробты микроорганизмдерге жатады.
Патологиялық материалдарды зерттеу
кезінде селективті қоректік
орталарды қолданған жөн. Мұндай ортаны дайындау үшін ЕПА-ға ас
тұзының 8-10%-ын және фибрині алынған қанның 5%-ын қосады. Бұл
қоректік ортада ас тұзының жоғарғы
концентрациясына төзімді
стафилококкалар ғана өсіп-өнеді.
Стафилококкалар
ЕПС-ын біркелкі лайлап, кейіннен тұнба түзеді.
Кейбір жағдайда (оттегінің көбінде) олар сұйықтықтың бетінде сұрғылт-
ақ түсті жұқа қабыршақты қалыптастырады. ЕПА-ның
бетінде дөңес,
шеттері тегіс, көлемі 2-4 мм колония түзеді (53-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: