қуысынан іріңді сұйықтық аққан қояндарды пастерелла алып жүруші
деп есептеп, оларды тәжірибеге қолданбайды.
Жұқтырылған патологиялық материал құрамында пастереллалар
болған жағдайда аталмыш жануарлар 16-18 сағат аралығында өлімге
ұшырайды. Сұйық қоректік ортада өсірілген өсіндіні жоғарыда
көрсетілген дозаларда көгершіндер, ақ тышқандар немесе қояндардың
тері астына егу арқылы пастереллалардың вируленттілігін анықтайды.
Пастереллезге бактериологиялық
диагноз
патологиялық
материалдан грам-теріс, капсула түзетін, қозғалмайтын таяқша
бактерияларды бөліп алғанда, индол түзетін, глюкозаны, сахарозаны,
сорбит пен маннитті ыдырататын, гемолиттік қасиеті бар және
зертханалық жануарларға вирулентті болып келетін қоздырғыш
табылғанда қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: