Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет23/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
 
1 Бактериялардың спораларын қандай
тәсілдермен бояйды? 2 Микроорганизмдердің спораларын,
капсулаларын және басқа элементтерін бояу тәсілдері. 3 Қандай
себептерден бактерия споралары физикалық және химиялық
факторларға төзімді болып келеді?
МИКРОБТАРДЫ ТІРІ КҮЙІНДЕ ЗЕРТТЕУ.
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ МӨЛШЕРІН АНЫҚТАУ
Микробтарды тірі күйінде зерттеу.
Көптеген микробтар тірі
күйінде қозғала алады. Қозғалыстың жылдамдығы мен сипаттамасы
өсіндінің жасына, қоршаған ортаның жағдайларына және микробтардың
түріне байланысты болады. Жас микроорганизмдердің
21


жылжымалылығы жақсы байқалса, ал ескілерінің бұл қасиеті әлсіздеген
немесе тіптен байқалмайды. Микроорганизмдердің жылжымалылығы
олардың тіршілік әрекетінің, өнімдерінің қоректік ортада көбейген
уақытында бәсеңдейді де, кейін біржола тоқтатылады. Микробтардың
түрін анықтау кезінде олардың жылжымалылығының бары немесе жоғы
еске алынады..
Қозғалыс органдары – жіпшелер микроб жасушасының бетінде әр
түрлі позицияда орналасады (9-сурет). Жіпшелерінің орналасуына
байланысты бактериялар төрт топқа бөлінеді:
монотрихтер
– бір ғана
жіпшесі бар бактериялар (1), 
лофотрихтер
– таяқшаның бір ұшында бір
шоқ жіпшелері орналасады (2), 
амфитрихтер
– екі полярлы орналасқан
жіпшелері бар бактериялар (3,4), 
перитрихтер
– жіпшелер бактерияның
барлық денесінің бетінде орналасқан (5). Монотрихтер мен
лофотрихтер үдемелі қозғалыспен жылжиды. Амфитрихтер мен
перитрихтер ретсіз қозғалыста болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет