саңырауқұлақтардың қасиеттері бар. Актиномицеттердің мицелилерінің
гифтері субстратта сәулелер
тәріздес жайылып өседі, осыған
байланысты олар сәулелі саңырауқұлақ деп аталады.
Актиномицеттердің бұл қасиеті
оларды саңырауқұлақтарға
жақындатады. Гифтердің жуандығы бактериялардың жуандығындай,
сондықтан оларды бактериялар сияқты
микроскоптың иммерсионды
жүйесі арқылы зерттейді. Олардың мицелилері субстратты және
үлпілдек болып келеді.
Әуелі субстратты мицелилер, сонан соң олардың
колониялары барқыт тәрізді үлпілдек болады. Актиномицеттердің
колониялары
тығыз консистенциялы болып, қоректік ортамен берік
байланысады, сондықтан препарат дайындау үшін оларды субстратпен
бірге алып шығады.
Актиномицеттер пигмент түзіп, әр түрлі (қызғылт, қызыл, қоңыр,
қара және т.б.) түстерге боялады. Актиномицеттердің түрлерін үлпілдек
мицелилерінің құрылысы арқылы анықтайды. Мицелиден споралары бар
спора сақтаушылар таралады (жеміс беру органы). Актиномицеттер
аэробтар, ет пептонды агарда (ЕПА), 30-35ºС-та жақсы өседі.
Достарыңызбен бөлісу: