паренхиматозды мүшелерінде (бауыр, көк бауыр), шажырқай лимфа
бездері мен ішек қабырғаларында болады. Нейротропты вирустарды
зерттеу үшін бас миы, қажет жағдайда жұлын алынады.
Алынған әрбір сынаманы екіге бөліп, жеке-жеке резеңке тығыны
бар стерильді шыны түтіктерге салады. Олардың біреуі вирусологиялық
зерттеуге, ал екіншісі – гистологиялық зерттеулер жүргізуге арналады.
Кейбір вирустық инфекцияларды балауда микроскопиялық тәсілдер
(жарықтық, люминесценттік) қолданылатын жағдайларда ғана
құрамында вирусы бар материалдардан зат шыныларының бетіне
жағындыларды немесе таңбаларды дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: