28-сурет. Табиғи ауа камерасы арқылы ХАҚ-на жұқтыру (Н.И. Троценко, 1989) 29-сурет. Жасанды ауа камерасы арқылы ХАҚ-на жұқтыру ( Н.И. Троценко, 1989) Біріншісінде ауа камерасының ортасынан кішкене ғана, ал
екіншісінде қауыздың ұрық жатқан жағынан диаметрі 2-5 мм болатын
тесік жасап, ХАҚ-ын жарақаттамай қауыздың астыңғы қабықшасын ауа
кіретіндей етіп ажыратады. Сонан соң бірінші тесіктен табиғи ауа
камерасындағы ауаны резеңке грушамен сорып алғанда, пайда болған
жасанды ауа камерасы арқылы ХАҚ бетіне жұқтыратын материалды
енгізіп, тесікті лейкопластырьмен бекітеді. Табиғи ауа камерасы
жағындағы тесікті бекітпесе де болады. Себебі ондағы қауызының
астыңғы қабықшасы бұзылмағандықтан, қоршаған орта