Мінез-құлықтық және эмоционалдық проблемалары бар балалардың психологиялық-педагогикалық сипаттамасы


Мінез-құлықтың ерекшеліктері  ГЗЖБ пайда болуы



бет2/18
Дата27.10.2022
өлшемі69,77 Kb.
#155208
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Д ріс 8-9 Мінез- лы ты ж не эмоционалды проблемалары бар бала

Мінез-құлықтың ерекшеліктері 

ГЗЖБ пайда болуы 

  1. Зейінсіздік:


  • Бұндай бала кез-келген тапсырманы (мектепте, балабақшада) орындау кезінде өзі қателіктер жіберіп алған жерге зейінін салуға қабілетті болмайды;

  • өзіне айтылған сөзді тыңдамайды және басқалардың сөздері мен ескертулерін мүлдем елемейтін секілді әсер береді;

  • бастаған жұмысын аяғына дейін жеткізбейді және өзіне ұнамаған жұмысқа наразылығын осылай білдіретін болады, сондай-ақ, ол жұмыс ережелерін біліп, оларды ұстануға тырыспайды өзіне айтылған сөзді тыңдамайды және басқалардың сөздері мен ескертулерін мүлдем елемейтін секілді әсер береді

  • өз қызметін ұйымдастыру кезінде үлкен қиындықтарды сезінеді;

  • ұзақ күрделі ақыл жұмысын қажет ететін тапсырмалардан барынша аулақ болуға тырысады;

  • мектепте және үйде қажет болатын заттарын жиі жоғалтады: анасы алдын-ала барлығын жинап, салып берген болса да балабақшада қалпағын, сыныпта қаламын немесе күнделігін таба алмай жүреді.

  • сыртқы ынталандырмаларға оңай алаңдап кетеді;

  • үнемі бірдеңені ұмытып жүреді.
  1. Гипербелсенділік:


  • бала тынышсыз, мазасыз, себепсіз қолды, аяқты көп сермей береді, орындықта шайқалақтайды, үнемі артына қарай береді;

  • орнында ұзақ отыра алмайды, рұқсатсыз ұшып тұрады, сыныпта ерсілі-қарсылы жөнсіз жүре береді және т. б.;

  • бұндай баланың әдетте қозғалу белсенділігі белгілі бір мақсатқа ие болмайды. Ол жай ғана жүгіріп, айналып, көтеріліп, кейде қауіпті болатынына қарамастан бір жерге мініп алуға тырысады.

  • тыныш ойындарды ойнай алмайды, демалып, тыныш отыра алмайды, белгілі бір нәрсемен айналыса алмайды;

  • көп сөйлейді.
  1. Импульсивтілік:


  • бала көбінесе сұрақтарға ойланып алмастан және соңына дейін тыңдап алмастан жауап береді, кейде жауабын айқайлап айтады;

  • жағдай мен ситуацияға қарамастан, өз кезегін әрең күтеді;

  • әдетте басқаларға кедергі келтіріп, әңгімелерге, ойындарға араласып кетеді, басқаларға жабысады;

  • шыдамсыздық танытып, өз қалауының дереу қанағаттандырылуын талап етеді.

  • кейде басқа да қосымша белгілері болады:

  • нәзік қимыл-қозғалыстардың (бауларды байлау, қайшыларды пайдалану, бояу, жазу, сурет салу) бұзылуы;

  • тепе-теңдіктің бұзылуы (балалар велосипед пен коньки тебуді әрең үйренеді);

  • көру-кеңістікті үйлестіру қабілетінің бұзылуы (спорттық ойындарға, әсіресе допқа қабілетсіздік);

  • құрдастармен және ересектермен қарым – қатынас кезіндегі қиындықтары- баланың гипербелсенді мінез-құлықтары ата-аналар мен мұғалімдерінің ашуын тудырып, соңында бала қатты болып, айтқанға бағынбайтын жағдайға алып келетін қоршаған ортаның қабылдамау жағдайына ұшырауы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет