Модуль Химиялық термодинамика және тепе-тендік Дәріс Химиялық термодинамиканың негіздері


Екі компоненті жүйенің күй диаграммасы



бет20/51
Дата07.02.2022
өлшемі0,8 Mb.
#86356
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51
Байланысты:
5148fc65-c34f-11e5-bf37-f6d299da70eeУММ ФКХ. к.я

Екі компоненті жүйенің күй диаграммасы
Екі компонентті жүйе үшін қысым тұрақты болғанда, Гиббстің фазалар ережесі келесі теңдеумен анықталады:


с = 2 – ф + 1 = 3 – ф (7.9)

Бұл кезде тепе – теңдіктегі фазалар саны үштен ф = 3 (с = 0), ал еркіндік дәрежесі екіден артық болмайды с = 2 (ф = 1).


Қатты фазалы екікомпоненті жүйенің күй диаграммасын балқу диаграммасы (термиялық талдау) дейді.
Балқу диаграммасы жүйе күйінің қоспалардың балқу температурасы мен құрамынан тәуелділігін көрсетеді.
Термиялық талдау температураның уақыт бойынша өзгеру сипаттамасы бойынша жүйенің салқындау кезіндегі өзгерісі туралы қортынды айтады. Салқындау қисықтары бойынша екі компоненті жүйенің күй диаграммасын тұрғызады.
Негізгі күй диаграмма түрлеріне: эвтетикалық диаграмма, конгруэнтті және инконгруэнтті балқитын химиялық қосылыстар, қатты және сұйық фазада ерігіштігі шектелген және шектелмеген жатады.



Сурет 7.2. Қатты күйінде ерімейтін А және В компоненттерінің балқу диаграммасы.

ТА, ТВ – таза А және В заттарының балқу температурасы. ТАЕ жәнеТВЕ қисықтары ликвидус сызығы деп аталады. Ликвидус сызығынан жоғарда жүйе сұйық күйде ( 1 – фаза ).


с = 2 – 1 + 1 = 2 (жүйе бивариантты)


ТАЕ және ТВЕ қисықтары екі фазалы жүйеге сәйкес келеді ( таза А және В компоненттерінің кристалдары және балқыма).


с = 2 – 2 + 1 = 1 (жүйе моновариантты)


Е нүктесін эвтетика нүктесі дейді. Екі компонент бірдей уақытта кристалданатын, кез–келген құрамдағы балқыма үшін бірдей ең төменгі тұрақты температураны эвтетикалық температура ТЕ деп атайды. ТЕ Е ТЕ сызығын эвтетикалы қисық немесе солидус сызығы дейді. Солидус қисығынан төмен балқыма болмайды. Е нүктесіне балқыма және А мен В кристалдарының екі қатты фазалар жүйе құрамы сәйекс келеді (ф = 3).


с = 2 – 3 + 1 = 0 (жүйе инвариантты)






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет