Молодой учёный №14 ( 94 ) 2015 2



Pdf көрінісі
бет41/72
Дата28.01.2023
өлшемі1,74 Mb.
#166658
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72
Байланысты:
moluch 109.2

36
Педагогика
«Молодой учёный»
.
№ 5.2 (109.2)
 .
Март, 2016 г.
баев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, 
С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Им-
жарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог-ға-
лымдар зерттеген.
Қазіргі уақытқа дейін ғылыми әдебиеттерде иннова-
циялық үдерісті мынадай кезеңдерге бөледі. Идеяның не-
месе инновация тұжырымдамасының пайда болу кезеңі, 
мұны шартты түрде, іргелі де қолданбалы ғылыми зерт-
теулердің нәтижесі болып табылатын жаңалықтың ашылу 
кезеңі деп те атайды. Ойлап табу кезеңі, яғни қандай да 
бір нысанға, материалдық немесе рухани өнім-үлгіге 
айналған жаңалықты құру немесе ашу кезеңі. Жаңа-
лықты енгізу кезеңі, мұнда ойлап табылған жаңалық іс-
жүзінде қолданысқа еніп, қайта өңделеді және жаңа-
лықтан тұрақты нәтиже алынады. Бұдан кейін жаңалық 
өз бетінше өмір сүре бастайды да, инновациялық үдеріс 
жаңалыққа деген алғырлық қалыптасқан жағдайда ке-
лесі кезеңге аяқ басады. Жаңалықты пайдалану кезінде 
мынадай кезеңдер орын алады: Жаңалықты тарату ке-
зеңі, мұнда жаңалық кеңінен қолданысқа енгізіліп, жаңа 
салаларға кіреді. Нақты бір салада жаңалықтың үстемдік 
ету кезеңі, мұнда жаңалық бұрынғы жаңашылдық қасиет-
терін жоғалта бастайды да оны едәуір тиімді жаңалықпен 
ұтымды алмастыру үдерісі қарастырылады. Жаңалықтың 
қолданылу аясын қысқарту кезеңі, мұнда жаңалық жаңа 
өніммен алмастырылады.
«Технология» термині алғаш рет 1904–50 жылдары 
шет елдерде пайда болды және ол педагогикалық процесте 
технологиялық құралдар мен оқыту бағдарламаларын 
пайдалануға байланысты болды. Технология — өнім алу 
барысында шикізаттың, материалдың немесе жартылай 
шикі заттың қалыбын, қасиетін, формасын өңдеу, әзірлеу 
не өзгерту әдістерінің жиынтығы.
Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі — 
баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технология-
ларын шығаруға ұмтылуы. Ал бұның өзі ұстаздар қауымына 
зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктейді.
Оқыту технологиясы оқыту мазмұнын жүзеге асыру 
жолындағы алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін 
қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің 
жүйесі болып табылады. Қажетті мазмұнды, тиімді әді-
стер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагоги-
калық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагоги-
калық шеберлігіне байланысты.
Осыған байланысты, әрбір оқушының қабілетіне қарай 
білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа, шығар-
машылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған 
педагогикалық технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс 
жасалуы қажет. Себебі, мемлекеттік білім стандарты дең-
гейінде оқу үрдісін ұйымдастыру инновациялық техноло-
гияны ендіруді міндеттейді.
Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың маңызды 
бір сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технология-
ландырудың қажеттілігінен туыпдап отыр. Осыған орай, 
соңғы кезде оқытудың әр түрлі инновациялық технология-
лары жасалып, енгізіліп жатыр.
Инновациялық технологиялар түрлеріне жатады: ын-
тымақтық педагогикасы; білім беруді ізгілендіру техно-
логиясы; проблемалы оқыту технологиясы; тірек сигнал-
дары арқылы оқыту технологиясы; түсіндіру басқарып оза 
оқыту технологиясы; деңгейлік саралап оқыту техноло-
гиясы; міндетті нәтижеге негізделген деңгейлеп саралап 
оқыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; жо-
балап оқыту технологиясы; дамыта оқыту технологиясы, 
компьютерлік технология, ойын технологиясы және т. б. 
көптеген технологиялар.
Ал соңғы жылдары оқытудың М. Жанпейісованың 
модульдік технологиясы мен В. М. Монаховтың оқы-
тудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ профессор Ж. Қа-
раевтың оқытуды дербестендіру мен ізгілендіру ұста-
нымдарына негізделген инновациялық компьютерлік 
технологиясын еліміздің көптеген мемлекеттерінде қол-
данып жүр.
Әрбір инновациялық технология жеке тұлғаның 
өзін-өзі дамытуға, оның өзіндік және шығармашылық қа-
білетін арттыруға, қажетті іскерліктері мен дағдыларын 
қалыптастыруға және өзін-өзі дамытуда қолайлы жағдай 
жасауға қажетті объективті әдістемелік мүмкіндіктерін 
қамтиды. Енді осы инновациялық технологиялардың кей-
біреулерінің ерекшеліктеріне тоқталсақ, мәселен, ойын 
элементтерін қолдана отырып мұғалім оқушылардың са-
баққа деген қызығушылығын, зейінін арттыру мақса-
тында; проблемалы тапсырмалар сабақтағы қорытынды-
лардың қандай және қалай пайда болғандығын дәлелдейді 
және логикалық ойлауғағ ғылыми іздену жолына бағыттау; 
Шаталовтың әдістемесі жаңа материал мазмұнын түр-
лендірсе, қайталаау жолымен есте сақтауды қамтамасыз 
ету; деңгейлеп саралап оқыту технологиясының прин-
циптері — оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру 
жағдайында; дифференциялап оқыту — әр оқушының 
қабілетін, бейімділігін, қызығушылығын ескере отырып, 
жеке жасын дамыту қамтамасыз ететін білім беру болып 
табылады.
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялармен 
жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет:
— оқу үдерісін интенсивтендіруші жаппай қолға алу;
— оқушылардың сабақтастығын болдырмау шара-
ларын кешенді түрде қарастыру.
Оқытудың инновациялық технология бойынша әдісте-
мелік жүйесі сапалы нәтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін 
танымдық іс-әрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей 
байланысты. Сондықтан инновациялық әдіс-тәсілдерді 
оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-әрекеттер 
түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көз-
дейді.
Инновациялық үдерістің негізі — жаңалықтарды қа-
лыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инно-
вация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады.
Жаңа технологияның принциптері — оқытуды ізгілен-
діру, өздігінен дамитын, дұрыс шешім қабылдай алатын, 
өзін-өзі жетілдіріп тәрбиелеуші тұлға қалыптастыру 
болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет