Монография «Елтаным баспасы»



Pdf көрінісі
бет72/248
Дата08.02.2022
өлшемі14,19 Mb.
#117158
түріМонография
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   248
Байланысты:
Verstka фразеологизмдер

Екінші
 
ақпараттық мағыналық бөлік. Көл-көсір жыртысты дайындау 
оңай шаруа емес. Оған үлкен дайындық жасалады. Той жасаған немесе 
ас берген жерде жыртысты дайындауға сол үйдің ет жақын туыстары, 


66
құрмет тұтатын адамдары қатыстырылады. Əдетте жыртысты əйелдер 
дайындайды, жыртады.
 
Үшінші
ақпараттық мағыналық бөлік. Жыртысты орнымен, жасы-
на лайық, құрметіне қарай тарату жағын сол ортаны жақсы білетін, 
тапсырылған жұмысты ерекше жанашырлықпен орындап шығатын 
адамдар атқарады. 
Сонымен 
жыртысын жырту
фразеологизмінің мағынасы көмектесу, 
жанашырлық таныту. Фреймнің аталған бөліктерін «менталдық 
кеңістіктер» дегуе болады. 
Фразеологизмдердің негізінде жатқан фреймдерде адамдардың дағдылы 
білімдері, оларға қатысты түрлі жағдаяттары тек статикалық түрде 
ғана емес, динамикалық сипатта да болады. Динамикалық жағдаяттар 
фреймнің ерекше түрі – сценарийлермен құрылымданады. Олар орын-
далатын іс-əрекеттердің қайталанбалы стеоретиптерін динамикалық 
жағдаятта көрсетеді. Фрейм тармақтары төңірегінен оқиғалар мен ситуа-
циялар (жағдаят) жүйесі жинақталса, оны 
сценарий 
құрайды. Сценарий 
концептінің идеясын танытатын сюжеттерден құралады. 
Сценарий
сөзіне 
ағылшын термині 
skript
скрипт cəйкес келеді. Когнитивтік фразеологияда 
бұлар бірінің орнына бірі ауысып қолданыла береді.
Фразеологиялық фрейм-сценарийлерде типтік жағдаяттар орын ала-
ды. Мысалы, қазақтың би-шешендерінің дискурсында көрінетін мəдени 
этикет үлглері бар. Қазіргі тілмен айтсақ – сөз сұрау. 
Тілімізде «қамшы» төңірегінде айтылатын əр түрлі əдет-ғұрыптар, 
салттық ерекшеліктер біршама. Солардың бірі – билер арасында сөз 
кезегін алу үшін қолданылатын əдіс – «қамшы тастау». 
Мысалы:
• 
Сөз астарын түсінген қызба мінезділеу Темір би сөз талас-
тырғысы келіп кетіп, ежелгі дəстүр бойынша, айыр тісті, алтын 
сыммен оралған тобылғы сапты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   248




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет