Монография оқытушы-ұстаздарға, студенттер, магистранттар, докторанттар мен ғылыми зерттеушілерге, тәрбиешілерге, спорт жаттықтырушыларына және жалпы ұлттық халық ойындары мен спорты туралы білгісі келетін көпшілікке арналған



бет43/151
Дата22.09.2022
өлшемі481,97 Kb.
#150391
түріМонография
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   151
Байланысты:
treatise125445 (5)

33. Үштабан ойыны
Тақыр жерге көлденең сызық сызылады да, оған әр ойыншы бір-бірден арасын сиректеу етіп асық тігеді. Ойыншылардың біреуі барлық сақаларын жиып иіреді. Кімнің сақасы алшы шықса сол бірінші болып сақасын көннен алысырақ жерге иіреді. Сол сақасымен тігулі асықтарды атып, үш табаннан артықтау жерге жіберсе, сол асықты ұтады. Үш табаннан кем, я болмаса сақасы асыққа тимей кетсе, ойынды келесі ойыншы жалғастырады. Ойын көндегі асықты ұтып біткенше созылады.


34. Алты атар ойыны
Көнге әр адам асық тігеді. Сол қатарға тағы бір сақа тігіледі (үйіргенде баланың шік түскен сақасы). Асықтардың арасында саңылау болмай тіркестіріле қойылады. Көннің екі жағына 1 метр сызық, ал 4-5-6 метр жерден ататын қарақшы белгілейді. Кімде-кім түптегі сақаны атып ұшырса (1 метрден асырса) бүкіл асықтарды сол алады. Ал сақаға тимей асықты ұшырса, оның сызықтан шыққаны ғана соныкі болады. Ату саны – 6 рет. Алғаш сақасы шыққан бала бірінші болады да, қалғандары одан кейінгі кезекте атады. Алты рет атыстан қалған асықтардың бәрі түпте қалған баланікі болып есептеледі (сақасы тігілген бала).


35. Тас қала
Ойыншылар тегіс жерге шеңбер сызады да, дәл ортасына асықтарды бірінің үстіне бірін пирамида етіп жияды. Әр ойыншы (кезегімен) шеңберден 5-8 метр шамасындай қашықтықта тұрып өзінің сақасымен пирамиданы атады. Шеңберден атып шығарған асықтарын ала береді. Тигізе алмаса ойынды келесі жалғастырады. Тас қаланы бұзып, бірақ асықты шеңберден шығара алмаса, онда айыбын қосып, тас қаланы қайта құрып тұрғызады. Егер атушы тас қаланы бұзып бір асықты шеңберден шығарса, онда қалған асықтарды шеңберден шығара алмағанға дейін ата береді. Қалған ойыншылар бұзылған «Тас қаланың» бытырап жатқан асықтарын атып алады. Ойын көндегі асықтар біткенге дейін созылады, одан соң ойын қайта басталады.
36. Табан
Бұл ойынға екі адам қатысады. Сақаларын иіргенде кімнің сақасы алшы түссе сол бірінші кезекті алады. Ол өзінің сақасымен қарсыласының сақасын атады. Сонда ол сақаға тигізіп қана қоймай, оны алысырақ ұшырып түсіруге тырысады. Өйткені сақаның жатқан жерінен ұшып түскен жеріне дейінгі қашықтық табанмен өлшенеді. Арасы неше табан болса, қарсыласы оған сонша асық төлейді. Одан соң кезек екінші ойыншыға беріледі. Әдетте ойыншылар ұтыс жайы мен ойын шартын алдын ала келісіп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   151




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет